share
  • Сүндетұлы Мұқағали

    date_range 28 наурыз, 22:56

    school 35-ші ағым

    Жоспарсыз өткен уақыт – босқа кеткен уақыт. Арман
    Неге бұлай дейсіз ғой. Себебі, жоспарсыздық мақсаттан ауытқуға алып келеді. Ал мақсаттан ауытқу өмір жолыңнан адасу деген сөз. Мен қаншама өмірімді жоспарсыз өткізіппін. Өкінішті жағдай. Дегенмен әлі де кеш емес. Бұдан былай жоспармен, нақты мақсатпен жүруім керек. Сіз де солай етіңіз. Ал, мақсат арманыңызға құрылады. Сізде арман бар ма? Менде кешегіге дейін көп жылдар бойы армансыз өмір сүріппін. Бекер екен. Армансыз адам – қанатсыз құс дегенге мән бермеппін. Армандай біліңіз. Армандаудан тоқтамаңыз. Арман – сіздің болашаққа қаққан Темірқазығыңыз секілді нәрсе. Сізді сапалы әрі есте қаларлықтай өмір сүруге жетелейді. Біз көбіміз «арман тек балалық шақта болады» деп түсінеміз. Кезінде мен де солай ойлағам. Есейген соң армандауды доғардым. Армандаудан ұялдым да. Бекер екен. Өмірім сүреңсіз өтті. Ұмтылыс болмады. Тіпті жетіп тұрған жетістікке де немқұрайлы қараған кездерім болды. Ол да дұрыс емес екен. Әр жетістіктің өзіне лайық қуана білу керек екенбіз. Сонда арманымыз бен еңбегіміздің жемісінен ләззат алады екенбіз. Мен енді армандауды қолға алдым, алдыма ұлы мақсат қойдым. Сол мақсатқа лайық жоспар да құрып келемін. Жоспарға сай әрекет те жасау үстіндемін. Ендеше, түбі сол арманыма жетемін.
    Менде арман біреу емес, бірнешеу. Тіпті, шексіз. Ендеше, мен соның қайсысына жетсем де, арманым орындалды деп есептеуіме болады емес пе? «Арманына жете алмай кетті, бейшара» деп мүсіркеу ең жаман мүсіркеу. Ол қате. Адамда арман біреу емес, бірнешеу. Тіпті шексіз. Өмір барысында сол арманының біразына жетеді, біразына ғұмыры мен мүмкіндігі жетпейді. Сонда қалайша «араманына жете алмай кетті» деп айтамыз өлгеннің артынан? Былай қарасаңыз қате ғой. Қол жеткен арманы болмауы мүмкін емес. Адамдар тек кезекті арманына қол жетпеген болуы ғана мүмкін.
    Мысалы, өмірден өткен кісінің «немеремді көрсем» деген арманы. Бірақ оған дейін де талай арманы бар еді ғой. Мысалы, өссем, үйленсем, балалы болсам, баспаналы болсам, бала-шағамды үйлендірсем деген сияқты. Ал, сол арманның бәріне жеткеннен кейін барып немере туралы да армандайды емес пе адам? Демек бастапқыларының бәріне жетті ол. Тек кезекті арманына жетпей қалды. Ол заңдылық. Адам мың жыл жасаса да бір күні өлері хақ.
    Сондықтан да, ешқашан арманыма жете алмай қаламын-ау деп қорықпаңыз. Арманға қарай ұмтылуды бір сәтке де тоқтатпаңыз. Түбі жетесіз. Арман «жалғыз» болмасын. Ол мүмкін емес. «Жалғыз арманым» деп әсте айтпаңыз. Олай ойламаңыз да. Көп армандарыңыз бар екенін шындыққа тура қарап мойындаңыз.
    Құрметпен Мұқағали Сүндетұлы
    Фото
    Видео
    Толығырақ ашу...
  • Кокеев Бакытжан

    date_range 27 наурыз, 23:02

    school 35-ші ағым

    Бизнес бастауға не үшін келдім?
    Жалпы бизнес бастау үшін қомақты ақшаң болу керек. Әке-шешең бизнесмен болуы керек. Я болмаса соған қабілетің болу керек. Солай ма? Менімен келісесіздер ма? Осы оймен көпшілігіңіз келісесіздер деп ойлаймын. Өйткені қоғамда осындай сөздерді көп естисің. Меніңде алдымдағы кедергі осы болатын.

    Ал тақырыпқа келер болсақ. Мен не үшін "бизнес бастауға" келдім?
    Бизнес бастау атауы айтып тұрғандай бизнес бастауға көмектесетін мектеп. Жарнамасы да керемет. Оқып жатқан кісілердің де нәтижелері керемет. Менде сіздер секілді көп қарадым, көп ойланып жүрдім...

    YouTube көріп жатып, Ахметбек ағай мен 85 жастағы Сейіткерім атаның сұхбатын көріп қалдым. 85 жастағы ақсақал заманауи құралдарды; инстаграм, телеграм, YouTube меңгеріп, кәсіп жасап жатыр..

    Бірақ сонда да соңғы шешімді қабылдай алмай, тағы бір видео көріп отырып, бірден шешім қабылдадым. Ол видео Алаш орда жайында болатын. Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш ордалықтар мына байтақ жерді келер ұрпақ үшін, қазақ үшін жандарын қиып, өмірлерін осы жолда сарп еткені жайында видеоны жылап отырып көрдім.
    Осы видео маған бизнес бастау мектебіне келуіме түрткі болды...

    Негізгі Ахметбек ағайдың сол идеяны қолдап жүзеге асырғысы келіп, сол үшін еңбектеніп жүргенін түсіндім. Қазақстанның көтерілуіне үлесін қосып, жан айқайы мен қазаққа жаны ашитын азамат екенін түсіндім.
    Жалпы Ағайдың мақсаты қазақтың көзін ашып, заманауи білімдерді беріп, қысқа мерзімде алдағы дамыған озық ұлттардың қатарына қосылуына үлесін қосып, жүрген азамат деп білемін...

    Оқығандар үшін алғысым шексіз. Бәріміз ұлтымыз үшін үлес қосайық.

    Мың өліп мың тірілген қазақпыз.
    Біз өлмейміз біз тіріміз азатпыз.
    Сақпен Ғұннан бастау алар тамыры,
    Еркіндікті сүйіп өскен халықпыз.
    Толығырақ ашу...
  • Смағұлұлы Ералы

    date_range 24 наурыз, 22:59

    school 36-ші ағым

    КІМ СЫНДЫ???
    Кеше сағат 23.03.2020 жыл таңғы сағат 6:00 оянып әдеттегідей жылы су ішіп, далаға жүгіруге шығып 35минут таңғы жаттығулар жасап, душ (қазақша қалай болады білмедім), таңғы ас ішіп, киініп Ахметбек Нұрсила ағайды қолдауға 24-сағаттық "БІЗ СЫНБАЙМЫЗ" МАРАФОНЫна 7:55 те офиске бардым. Ал қазір 24.03.2020жылы сағат 9:10 де үйде пост жазып отырмын.
    Иә, біз 24 сағат ұйықтамадық тамақ ішпедік (су, кофе болды).
    Содан мен не түйдім: Ахметбек ағаның 60 жасқа келіп осындай білімдерімен (философия, психология, политика, нейробиология, кванттық физика, теология, тарих т.б.) тегін бөлісуі, қазаққа деген махаббатын, жанашырлығын көріп ойым, өмірге деген көзқарасым өзгерді.

    # Қазаққа келген ТӘЖДІ ТАЖАЛДЫ ауыздықтаудың жолын көрсетуі, білім алуымыз керектігін, табанды, оптимист, психологиялық мықты болуымыз керектігін түсіндім!

    # Неге біз қарабастың қамын ойлап кеттік? Неге бізде көреалмаушылық, іштарлық, бірімізді-біріміз жамандау, дарақылықпен өмір сүрудеміз? Неге білім алуға ұмтылмай, той тойлаумен ғана шектелудеміз? Ағай осындай білімді тегін беріп жатқанда қасымыздағыларды неге оятпадық? Неге ұйқыны қимаймыз? Қашан оянамыз?
    # Оянатын, білім алатын, қазақтық рухымызды көтеретін кез келді.

    Ағайдың командасына ҮЛКЕН АЛҒЫС!!!
    Қолдап келген 35-ағым Жігіттеріне РАҚМЕТ!
    Толығырақ ашу...
  • Салимбай Дулат

    date_range 24 наурыз, 21:55

    school 34-ші ағым

    Армысыздар
    Армысыздар
    Толығырақ ашу...
  • Жанболатқызы Балғаным

    date_range 24 наурыз, 21:31

    school 35-ші ағым

    СЫНБАУДЫ ҮЙРЕНДІМ
    Кешегі 24 сағаттық Біз сынбаймыз марафонынан көп инсайттар алдым. Бүгін 1 сағаттай сол 24 сағаттық марафонды таза ауада жүріп қорытынды жасадым.Мен АЛАМАНҒА келгеннен бастап, өмірімді есіме алдым.Негізгі Аламанға дейін мен біреуге бір нәрсе дәлелдеумен жүрген екенмін.Неге... деген сұрақты миыма қою арқылы,Кешегі Біз сынбаймыз марафонынан 24 сағат бойы,уақыттың, білімнің,дұрыс сұрақ қоя алуды маңыздылығын ұқтырды.Рухты шыңдадым.Инсайтым ұйықтамай,өзіңді жеңу керек.Әліде ұйықтап жүрген жандарды оятамын бұл инсайттан кейін 💪✊ Рақмет Ахметбек ағай😘🇰🇿🦅
    Толығырақ ашу...
  • Самат

    date_range 21 наурыз, 17:37

    school 33-ші ағым

    12 күндік челендж
    Кеше 8,9 сабақтарды көріп күнделікке жазып алдым да,ойымда ештене жоқ бірақ көңілге тоқып алдым. Бүгін кезекшілікке түсіп өз шаруаларымен отқанымда басқа бөлімнің басшысы келіп әңгіме дүкен құрып отырып руымда жамандап, балағаттап отырды. Біраз ұстап қалдық,бірақ бір керемет жай мен қатты ашуланбай,қалтырамай ойымды нақты жеткізіп айттым.Кейін байқасам көңіл күйін түспеген ашу қатты қыспаған көңілде жайлылық бар. Енді 12 сабақтың әсері мынау болса онда 40 күндік менің кемелденген тұлғаға қатысуды шешіп отырмын. Өмір мереке оның сыйын алу керек екенбіз
    Толығырақ ашу...
  • Rahimhan Sattar

    date_range 12 наурыз, 19:03

    school 35-ші ағым

    Отандық өнімдерді қалай елімізде көбейтуге болады!
    Армысыздар Қазақ елі !
    Менің көптен бері ойлап келе жатқан ойларымен бөлісетін болсам,осы отандық өндірушілер қалай жұмыс жасап келеді шикізаттарды қайдан алады және қалай нарыққа шығып жатыр неге осы күнге дейін еліміз өз өнімін өзі қамтамасыз еталмай отыр неге неге деген сұрақ тар өте көп мазалайды , осы сұрақтарға жауап табу мақсатында өзім істеп жүрген саламды дамыту мақсатында Бизнес бастау мектебіне келдім! Іздеп келген сұрақ тарыма жауаптарын шетінен тауып жатырмын бірақ толық қанды емес , осы сұрақтарға жауап табу үшін мен @qaz.onimderi деген компания құрып еліміз де өндіріліп жатқан өнімдер ді халқымыз ға танытып өзіміздің отандық өндірушілерді көбейтуге үлес қосып халқымыз ға қызмет ету.
    Қазіргі айлық жылдық жоспар құрыудамын жобамды жүргізуге!
    Алда тағы жаңалық тармен бөлісетін боламын!!!
    Толығырақ ашу...
  • Досянов Азамат

    date_range 12 наурыз, 05:48

    school 35-ші ағым

    Кимге смм қажет?
    Хабарласыңыздар
    Толығырақ ашу...
  • Жүзімбеков Нұржан

    date_range 7 наурыз, 16:56

    school 35-ші ағым

    Керемет
    Бизнес бастаудан үйренгендерім өте көп, көзім ашылды.
    Толығырақ ашу...
  • Нургазиев Жанболат

    date_range 6 наурыз, 10:36

    school 35-ші ағым

    Менің кешегі күнім 5 наурыз
    🖐Мен кеше үш адаммен 1сағтан сас дауластым екеуі нағыз дау болды.
    ✊Біреуінде талқы болды десе болады даусасу емес.

    1✓ 🔍🔍🔍
    Біріншісінде қазақтардың рухы мен мәңгүрттеніп баржатқндыгы туралы бір адамды сендіріп соған толық жауап бердім жане ол кісіге арман мақсат қоюына көпір болдым.
    🤗Осыдан мен өзімді жақсы сезініп кеттім қандай тамаша көңіл - күй еске алсң одан бетер казір жазып отырыпта сол сезім кайтып екіншірет сезіну мүмкіндігі бар екенгой))))

    2✓🔎🔎🔎
    Екіншісі дін туралы болды.
    Мені шүкіршілікке шақырды және арман макстыарыма қатты тырыспа,бұл өмір өткінші,бәрін алып кетеалмайсың деген жағына келіспей біраз дауластық.
    🦁🦁🦁 Бірақ мен өте басым болдым жанымыздағылар мен жақ болып кете берді.
    Сонда мен нақ түсіндім женгенімді.

    3✓🔍🔍🔍
    Үшіншісі мен жан жағыма ақырындап қармақ тастап өз ойыммен бірдей кісімен 20минут сойлескендей болғанбыз.
    😮😮😮😮 Сөйтсек 2:30⏰ сөилесіп тастаптық. Қаранғы баттып кеткенін білмей қалыптық. Соның өзінде жарайді деп турыпта ангімелесіп жарты сағат турып қыймай-қыймай кеттік🙇🙇🙇

    Осының барінен қортқаным мен көп адамға жол көрсетеіппін әліде біраз адамға жаксы оймен-санаға көпір болам✊✊✊
    Толығырақ ашу...

Бизнес-Бастау

Кәсіпкерлік Мектебі

Порталға кіру