share
  • Утаркулова Айсұлу

    date_range 9 сәуiр, 18:22

    school 36-ші ағым

    Сала таңдау.
    Ұланның сабағынан кейін кәсіби түрде сала таңдауды үйрендім.Керемет инсайт.Білген сайын,сенім күшеюде.Маган табандылық пен сенімділікті күшейту керек.
    Ахметбек ағайдың ерік-жігер тақтасында тұрып, жаттығып жатырмын.Өзгеремін,батыл,шапшаң боламын,ОТ боламын
    Толығырақ ашу...
  • Утаркулова Айсұлу

    date_range 9 сәуiр, 18:16

    school 36-ші ағым

    Копирайтинг
    Мен 1жылдан бері копирайтинг немен айналысады, ішкі кухнясы қалай екен деп ойлап жүргем.Негізі,маған бұл сала да ұнайды.Сайт жасау,текст ойлап табу көңіліме ұнайды.Ал бұрыннан бар менің салам -автосақтандыру.Қосымша копирайтер жасап уйренип,бұны да істеймін.Маржасы көп екен.Ұлпанның соңынан қалмай үйренемін.Сала таңдаудан соң Олхтан жіберген қателігімді білдім.Кәсіби түрде істеу керек,соған мән бердім.Енді сарапшы көзқараспен окитын боламын,жарнамаларды.
    Видео
    Толығырақ ашу...
  • Утаркулова Айсұлу

    date_range 9 сәуiр, 18:07

    school 36-ші ағым

    Мен не үшін кәсіпкер боламын?Сала таңдау
    Мен не үшін кәсіпкер болғым келеді?

    Екі ұлымның екеуі де Бизнес Бастау мектебін пысқырмайды.Мұнда үйренетін нәрсе өтте көп.Жастар істейтін мамандык көп.
    Бірақ, екеуі де бірдей 8саг.жумыс кана жумыс деп маған қарсыласқандықтан, бірінші өзім оқып НӘТИЖЕ көрсетейін деп келдім.1 млн.тг табыс тауып,қарыз-несиелерді жауып, еркін өмір сүру үшін кәсіпкер боламын.Ұлдарыма дәлелдеп ҮЛГІ болайын деп келдім.


    Кәсіппен айналысу үшін:
    1) Біліктілік(экспертность)
    2)Сұранысқа ие ма?
    3)Өзіме пайда қала ма
    4)масштабирование
    5)
    Қаржы керек па?0ден бастауға бола ма?
    6)жылдам бастап кете алам ба?
    7)болашағы бар ма?
    8)мен жаксы көрем ба?
    9)Халкыма пайдасы бар ма?
    Осыны аныктау керек.
    Бизнесті клиент болғанда ғана бастау керек.
    Бизнестің формуласы:
    ☑️1)Сала таңдау
    ☑️2) Нарықты тексеру (жарнама беріп, тестілеу)
    П*С=Т
    П-пайдаң*сатылым саны(әр клиент)=табыс.
    1кл.10000тг.пайда болса,
    10клиенттен =100000тг табысың.
    Әрлеу(упаковка)
    Офферді дурыс жасау,адам шакыратындай.
    МАМА-ны(МЕНЕН АЛУЫ МҮМКІН АДАМДАР) анықтау.
    ☑️3) Жарнама.
    4Uтехнологиясын қолдану.
    Товардың
    1)Пайдасын көрсету
    2) нақтылығын (цифр:гр.метр,,тг)
    3)жылдамдығын(1күнде жеткізу)
    4) ерекшеліктері.
    ККК(көп клиент көреді)
    ККХ(көп клиент хабарласады)
    ККА(көп клиент алады)

    ☑️4)Өнім адамын табу(поставщик)
    ☑️5)Товарды жіберу
    ☑️6)Акшаны алу

    Тест аркылы 10шақты сала таңдау.
    Балл қою .
    Видео
    Толығырақ ашу...
  • Рахметуллин Мейіржан

    date_range 9 сәуiр, 01:59

    school 36-ші ағым

    ЭССЕ
    Бүгінгі күн мен үшін ерекше күн болды. Ұлпан ханымның сабағы қатты ұнады. Жаныма кәсіп қылдыратын сала және де осы сабақты 2,3 қайталап қарадым. Неге десеңіз пайда көп әкелетін саланың 1-ші тобына жатқызамын. 2,3 қайталап қарағанның арқасында Ұлпан ханымның айтқанын бірге бір жасап резултат шығарамын, екі үш танитын кәсіпкеріме пробаға жасап қарауға рұқсат аламын. Бүгінгі күнде сәтсіздік шабандоздардың кезектен тыс Ұлпан ханымға сұрақ қойа беріп түсіндіріп жатқан сөздерінің кейбір жерлерін ойнан бөліп жбергендігі. Ұлпан ханымға алғысым шексіз!
    Толығырақ ашу...
  • Абилхамиев Жалгас

    date_range 8 сәуiр, 23:31

    school 36-ші ағым

    ЭССЕ
    Бүгінгі сабақ жайлы өз ойымды Сіздермен бөліссем. Ахметбек ағайдың сабағы күн өткен сайын жігерлендіріп, рух беріп, білімді тереңдетуде.. Оның дәлелі; алғашқы сабақтағыдай үрей жоқ, мынаның бәрін қалай меңгерем деген. Керісінше білген сайын білгің келіп құлшыныс артуда. Біз ОТ боламыз, Біз ЖАЛТЫЛДАЙМЫЗ!
    Ұлпан ханым копирайтинг сабағын жетемізге жеткізіп түсіндіре білді. Копирайтингті түсіне келе жарнама тақырыбын, мәтінін жазуымыз жеңілдей түсті.
    МЕН осындай жарқыраған, бір-біріне үйретуден жалықпайтын ортаға келгенімді мақтан етем!
    Толығырақ ашу...
  • Юсупова Ардак

    date_range 8 сәуiр, 21:30

    school 36-ші ағым

    Эссе
    Бүгінгі сабактан керемет көп нарсе уйрендім.
    ОLX ке жарнамамды салдым, пробный. Өзімнің сетевойдағы продукцияларымды салып койдым, енді инстада жасайын деп отырмын. Ұлпан ханым жаксы түсіндіріп берді.
    Шайнап беріп жатыр, спикерлер, тек жұту ғана қалды.
    Ағайдың сабағынан берген тапсырмасына келгенде, ешкіммен саудаласып, дауласа алмадым, ондығымнан ешкім шықпады. Өрт болып ОТ болып жанатын шабандоздар, алмаздар, ПТ болып жаткан сияқты. Бир шабандоз шығып кетті топтан. Кураторыма ризамын, алла бәріңе шыдамдылық, төзімділік, табандылық берсін!
    Маған осы жарнама жасау керек болып жүрген, мен бір жағынан осы саланы қатты уйренгім келген, бүгін бастап жатырмын. Бұл әлі басы гой, әлі ак уйреніп адып, ұлыма өзім көрсетпесем. Әйтпесе, бірдеңе сұрасам, ой мам кайтесіз оны, білгеніңізбен жұмыс істей беріңіз деуші еді... Бұрын жұмыста тек бир программа жаттап алған, күнде сол, 13-жыл істегеннен соң, көзді жұмып печатать етуші едім. Сөйтсем қыр-сыры масқара 🤦‍♀️көп екен, ештеңе емес менде жаңа технологияны да меңгеремін, менің колымнан келеді! ☝✊
    Мен алмазбын!
    Мен ОТпын!
    Мен бакытты екенмін, осыны үйреніп жүрген!
    Толығырақ ашу...
  • Мұса Сағадат

    date_range 8 сәуiр, 21:27

    school 36-ші ағым

    Еңіреп еңбектеп, елім деп еңбектен!
    Тегіңе телміргенше,
    Еңбегіңмен емірен.

    Бүгінгі күні секунд сайын даму процесі жүріп жатқан заманда жұтылып кетпес үшін адамның тірегі тегі емес, еткен еңбегі болу қажет. Бұл айтылып отырған ойдың өте өзектілігін нықтап, шабандоз алмаздардың санасына бекітіп кеткен Ахметбек ағайға мыңда бір алғыс. Енді бізге қайтпек керек ?

    Жаһандану айдаһарының жалыны әлемді жайпап барады. Мұндай кезеңде тек қана өзіңе сеніп тек қана өзіңмен жарысып әрекет қылумен ғана қоғам көшіне ілесе аларымыз-ақиқат! Жеті қабабат жердің астында жататын, ешқандай тастармен салыстыруға келмейтін, қарасаң көзіңнің жауын алатын "АЛМАЗСЫҢДАР" деп айдар тағып, қолмызға қармақ бергенде неге дарияға сермеп қалмасқа. Еңбек бәрін жеңбек деп бекер айтылмаған болса керек. Айналамыз алабұртқан ауру-кесел болып жатқанда. Еңбек ету арқылы ғылым жолына түсіп, ертең елімізге тірек болып, еңбек пен табандылықтың шын айнасы-алмазы болуымыз шарт.
    Мәз боламыз қошемет сөз алғанға,
    Шыдамаймыз басқа сынақ салғанда.
    Өз-өзіңді түзей алмай жүргенде,
    Өкпелейсің неге мына жалғанға.
    Су бетінде толқынындай қалқыдық.
    Жете білгің мақсатыңа талпынып.
    Ешқашан да кері қайтып, жеңілме.
    Билесе де ой-санаңды сан күдік!
    Фото
    Видео
    Толығырақ ашу...
  • Какимов Ельдар

    date_range 8 сәуiр, 20:46

    school 36-ші ағым

    Бугин кандай сәтсіздік болды
    Бугин кандай сәтсиздік болды ....Бугин онлайн сабакта сеть устамай маңызды сәттерді өткізіп алдым...Бул менің кінам емес!.менің жолым болгыш. Осы жолыда жолым болды. Сабакты кайта карау мумкиндік бар. Өйткені онлайн сабактың + сы осында. Басынан асыкпай карап сабакты кортындылап талдап шыктым.
    Толығырақ ашу...
  • Мустапаева Гульдана

    date_range 8 сәуiр, 07:28

    school 36-ші ағым

    Мен кәсіпкер боламын. Есімім Гүлдана.жасым 44те.Қызылорда қаласынан боламын. Аламанға келген ниетім.Мен заман талабына сай білім,тәжірбие,сала таңдау,жағдайымды жақсарту,кәсіп ашып білікті маман бол
    Не үшін кәсіпкер боламын
    Толығырақ ашу...
  • Абилхамиев Жалгас

    date_range 8 сәуiр, 07:21

    school 36-ші ағым

    Мені "АЛАМАНҒА" кім алып келді және кім болмақпын?
    Мен аламанға келмей-ақ отбасымды, балаларымды оқытып жетілдіруге күш-қуатым жетерлік деп, біреу арқылы жетістікке жетуден бойымды аулақ ұстадым. Мен бұған дейін менде бар болса болды, мен ешкімнен кем емеспін, балаларымның бар жағдайын (материалдық) жасаймын, болашағын жасасам жетеді деген қағида болды.
    Сөйтсем мен балаларымның болашағын мүлдем ойламаған екенмін. Ахметбек ағайдың 30,50 жылдан кейін еліміздің болашағы не болмақ? қандай мемлекет болмақпыз деп шырылдап жатқан видеосын көрдім. Сонда ойландым; мен жақсы тарықпай өмір сүрдім, балаларымның да жағдайын жақсы етіп жасадым делік, БІРАҚ олардың қоғамы қандай болмақ?, елі, мемлекеті қандай болмақ?, ҚАЗАҚСТАН деген тәуелсіз мемлекеті болама?, жоқпа? оны ойламай қара бастың қамын ғана ойлаппын. Баламды әлемнің қай жерінде өмір сүру жақсы, сол жеріне жіберейін. БІРАҚ оның туған елі, жері, өз ОТАН, АЛАМАН шабандоздары сияқты мейірімді, бір-бірін қолдайтын жандары болмасы, рахат өмір кешті деуге не керек.
    Мені АЛАМАҒА алып келген осы БОЛАШАҚ. ЕЛІМДІ, ЖЕРІМДІ, ОТАНЫМДЫ САҚТАП ҚАЛУ. Бұның жолы "АЛАМАН". Жақсы КӘСІПКЕР болып, әлемдегі алпауыт елдермен тереземіз тең болуға ЕҢБЕК етіп, өз үлесімді қосу.
    Толығырақ ашу...

Бизнес-Бастау

Кәсіпкерлік Мектебі

Порталға кіру