share
  • Рахимбаева Асель

    date_range кеше, 23:50

    school 35-ші ағым

    МЕН ӨЗ ӘЛЕМІМДІ ТАПТЫМ
    Әр сабақтан келген сайын миым басыма сыймай алдағы күнге асыға түсемін!
    Санамда жарылыс ... Аламанға дейін "бес саусақ бірдей болмаса" қазір мен үшін "бәрі бірдей саусақ" Міне бұл менің өзімді бағалай білудің Және кез келген жеңіске ЛАЙЫҚТЫ екенімді сезінудің ТЕТІГІ БОЛДЫ.
    Мен өзіммен өзім әңгімелесетінмін қазір ДАУЛАСАМЫН . Өзім үшін әділетті нәтижеге жетуім үшін.
    Инсайд па,... инсайд!
    Қысқасы мен бұлттың үстіндемін ! Түспесем екен...
    Толығырақ ашу...
  • Гали Галия

    date_range 24 ақпан, 23:37

    school 35-ші ағым

    Табандылық және өз табандылығымды жетілдіру үшін не істеймін.
    Табанды болу үшін:
    1. Күнделікті медитация, аффирмация жасау кажет.
    2. Киындык болса, бериле салмай, одан шығу жолдарын издеу керек.
    3. Куаттану сабағын тыңдап жүру керек.
    4. Спорт пен айналысу және дурыс тамақтану денсаулықка көңіл бөлу керек.
    5. Күнделік жүргізу. Жоспар куру керек.
    6. Жетістіктерге табыстарға жеттім деп өзіңді сенімділік пен жүру.
    Толығырақ ашу...
  • Гали Галия

    date_range 24 ақпан, 23:26

    school 35-ші ағым

    Сәттіліктер мен сәтсіздіктер
    Менің өмірімде сәттіліктер аз, сәтсіздіктер көп болды.
    Бунын бәрі отбасы тәрбиесінен басталады деп ойлаймын.
    Өйткені ата ана балаға тәрбие бергенде жан жақты колдап, максатка калай жету керектігін түсіндіріп, акыл кеңес айтып, білімді, ешқашан ештеңеден корыкпау дегенді үйрету керек деп ойлаймын.
    Сонда бираз сәтсіздіктер болмас еді. Өйткені мен әкемнің айтканымен жүрдим, таңдаған окуын окыдым, таңдаған адамдармен араластым, бирак мен өзімді де, жолымды да таба алмадым.

    Сәттіліктер, тек бауырларымды колдап жургеним болмаса, тек сол ғана мени куантады.
    Казирги таңда өзімді сәтсіздіктерге жол бермеуге тырысып жүрмін.
    Толығырақ ашу...
  • Наурызбаев Нұрлан

    date_range 22 ақпан, 11:22

    school 0-ші ағым

    ӨТКЕН ӨМІРДЕГІ СӘТТІЛІКТЕР МЕН СӘТСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӨЗІМНІҢ ҚАТЫНАСЫМ (Эссе)
    Сәттілік пен сәтсіздік біздің өмірімізде үнемі болып жатады. Олар тек ештеңе жасамайтын адамдарда ғана бомауы мүмкін. Өзім де өмірімде талай рет осындай сәткерге ұшырап жаттым. Төменде есіме түскен кейбір сәттерге өзімнің қазіргі бағамды бермекшімін.

    Жалпы өмірімдегі ең басты сәттіліктерімнің бірі, ол менің, жақындарымның осы дүниеде өмір сүріп жатқаны. Бұлай айтуымның себебі, анамның айтуы бойынша мен және менімен бірге туған бауырым 7-ші айлық болып бір күнде туыппыз, туғанда салмағымыз өте аз, әлсіз болыппыз. Дәрігерлердің тірі қалуымызға күмәндары болыпты. Өмірге құштарлығымыздың зор болуы керек, аман есен өсіп, аллаға шүкір осы күнге дейін аман есен жеткен жайымыз бар.

    Екінші сәттілігім, мектепті, одан әрі жоғары оқуды, жоғарыдан кейінгі оқуды сәтті аяқтадым. Тұрмыс жағдайым жақсы, мамандығым өзіме ұнайды.

    Үшінші сәттілігім, астанамыз ауысып, осы қалаға озық ғалымдар келіп, менің сол мамандардан тәлім алғаным.

    Бұрын, осы сәттіліктердің барлығы алланың бергені, мен сәтті адаммын деп ойлайтынмын. Қазіргі уақытта ойым өзгерді. Өзім еңбектеніп оқымасам қазіргідегідей деңгейге жетпес те едім.

    Өмірімдегі сәтсіздіктер

    1. Кейбір ғылыми баяндамаларымды ойдағыдай жақсы жасамадым - дайындыққа жеткіліксіз уақыт жұмсадым.

    2. Бірінші ағылшын тілі бойынша сыннан жақсы нәтиже алмадым - дайындыққа аса мән бермедім.

    3. Көптеген адамдар сияқты мен де сәттілік үнемі болып тұруын армандадым. Соның арқасында өзімнің көптеген жоспарларымды жүзеге асыра алмадым. Бастаған істерімді аяқсыз қалдырып жаттым. Уақыт өте келе, егер осылай жүре берсем, менің алға қойған мақсат армандарымның орындалуы екі талай болып көрінді. Сөйтіп армандауды қоя бастаппын. «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» дегеннің орнына «Армансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген ой келді осы жерде.

    Менің бұл сәтсіздіктерімнің түп тамыры маған сәттілік әрқашан болады деген сенімнен болатын. Дәл қазіргі уақытта сәтсіздік мен үшін ол жаңадан бастау мүмкіндігі. Біз сәтсіздікке әділетті түрде ұшырап жатамыз. Сәтсіздікке ұшыраудан қорқып жүруден гөрі оны өмірлік сабақ деп, пайда болған мәселелерді ақылмен шешуге беретін жол сияқты.

    Әрекет еткендер ғана жеңіске жетеді.
    Толығырақ ашу...
  • Наурызбаев Нұрлан

    date_range 22 ақпан, 10:38

    school 0-ші ағым

    ТАБАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗ ТАБАНДЫЛЫҒЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙМІН
    Табысқа жету үшін таланттан, қарым-қатынас дағдыларынан, мотивациядан, ақыл-ойдан немесе практикалық тәжірибеден гөрі не маңызды?

    Бұл мінез-құлық табандылық деп аталады. Мамандардың табандылық деп «проблемаларды шешудегі ауыр жұмыс, сәтсіздіктерге, қиыншылықтарға және тоқырау кезеңдеріне қарамастан көптеген жылдар бойына күш-жігер мен қызығушылықты сақтау» анықтайды.

    Шынында да, егер біз «он мың сағат тәжірибе» ережесін сәттіліктің негізгі құрамдас бөлігі деп санасақ, табандылық ең алдымен адамды осы үлкен уақыт кезеңінде жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
    Табандылықты дамыту үшін маған оны күнделікті нәрсеге айналдыру қажет. Тек сонда ғана ол менің түпсанамда сіңеді. Ал ол үшін келесі әдістерді қолдануым қажет деп санаймын:

    1. Тұрақты мотивация. Бірінші сәтсіздіктен кейін қол түсірмеу үшін ең басты нақты мақсат қоюым қажет. Яғни біз нені қалайтынымызды және қайда бара жатқанымызды нақты білуіміз керек?

    2. Қателіктерге дұрыс қарау. Кемшіліктер болды, болып жатуы мүмкін және болады да. Ең бастысы, біздің оларға көзқарасымыз. Егер сәтсіздікке ұшырау барысында оны сабақ ретінде қабылдайтын болсақ, бұл бізге ұзақ уақыт бойы табандылық пен ынтаны сақтауға көмектеседі. Ал егер біз кедергілерден өте алмай, олар бізді қапы қалдырса, онда біздің рухымыз бен әлеуетіміз үнемі жоғалып кетеді.

    3. Қиындықтарға дайындық. Біздің көпшілігіміз идеалисттер мен армандаушылармыз. Біз бастаған істеріміз оңай әрі қарапайым болады деп күтеміз. Ал шын өмірде олай бола бермейді. Содан кейін біз күмәнданамыз, құлшынысымыз тез басталып, көңілімізді жоғалтады. Сондықтан бәрін күтуге дайын болуымыз керек. Бәрінің ақысы бар. Бізді оңай емес жол күтіп тұр деп программалап қою керек сананы. Бұл табандылықты дамытуға көмектеседі.

    4. Үнемі қуаттанып отыру қажет. Темір екеш темір де шаршайды. Телефонымыздың қуаты да таусылып отырады. Сондықтан рухың түсіп жатса оны көтеріп отыратын үнемі медитация жасау арқылы өзіңді өзің қуаттандырып отыруың керек.

    5. Спортпен айналысу. Спорт - ынта мен табандылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеудің тамаша тәсілі. Кез-келген спорт бізге жағымды қуат, жеңіске деген ұмтылыс және жолымыздағы кедергілерді жеңуге күш береді. Спортпен шұғылданатын көптеген адамдар өздерінің мақсаттарына басқа іс-әрекеттерде жиі қол жеткізеді, өйткені олар керемет табандылық пен табандылыққа ие.

    6. Күнделік жүргізу. Өзімізді үнемі ынталандыру үшін және табандылықтың даму деңгейін анықтау үшін жетістіктер күнделігін жүргізуіміз керек. Біз жаңа нәрселер жасай алдық, жеңе алдық және мақсатымызға қаншалықты жақын екендігімізді жазып алуымыз керек. Бұл ең маңызды тәсілдердің бірі: өзіміздің жетістіктерімізді үнемі жазып отыруымыз керек, бұл сенімділік пен табандылықты қамтамасыз етеді.
    Толығырақ ашу...
  • Мырзахан Оркен

    date_range 21 ақпан, 19:39

    school 35-ші ағым

    Той
    "Тұмар"ресторан

    Тамада,әнші,музыкант, баннер,фуршет,торт...

    Ерекшелігі: Тойдың өтетін жері,ішінің әрленуі,(оформления зала) горячий закускаларды той басталарға 30 минут қалғанда ыстық күйінде шығарамыз. Алкогольсіз сусындар шектеусіз...
    Көлік қоятын тұрақ 60 орын...
    Тойыңыздың жоғарғы деңдейде өтуіне кепілдік береміз

    Басқа мейрамханалардан артықшылығымыз: Тойхана ұжымының атынан 50 мың теңгелік сертификатты сыйлық ретінде береміз.
    Біздің мейрамхана арқылы ақшаңызды үнемдейсіз

    Нақтылығы: Осының бәрі небәрі 7500 теңгенің ішіне кіреді


    Жылдамдығы: Кез- келген уақытта телефон қоңырауына жауап береміз және кез-келген уақытта көруге болады


    Осы салада 6 жылдық тәжірбиеміз бар, осы күнге дейін 796 той өткіздік
    Фото
    Толығырақ ашу...
  • Елібай Берікболсын

    date_range 20 ақпан, 12:08

    school 35-ші ағым

    Смм маркетологы
    Қайырлы күн!
    Мен инстаграм маманымын!💯✅

    Есімім- Берікболсын. SMM маманы. Интергет- маркетолог. Инстаграм парақшаларды жүргіземін.

    Сіздің парақшаңызда сатылым әкелуді бәсеңдетіп тұрған қателіктеріңіз бар екен. ❌😓

    Қаласаңыз мен сізге сол қателіктерді ТЕГІН айтып берейін.😊

    Немесе 1 апта парақшаңызды тегін жүргізіп берейін.
    1 апталық жұмысқа:
    1.✅Парақшаны дұрыс әрлеу🖌
    2.✅Дизайн🌸
    3.✅Пост жазу✍️
    4.✅Таргет жарнамасы кіреді😱😱😱

    1 апта ішінде парақшаңызды қазіргі жағдаймен салыстырғанда, дамығанын көре аласыз! 100%. ✅

    Жүргізгенім ұнаса менімен келісім шартқа отырып, жұмысқа алсаңыз болады.👍😊

    Сіздің Парақшаңыз ерекшеленуді күтіп тұр!
    Фото
    Толығырақ ашу...
  • Юлчиева Чарос

    date_range 19 қаңтар, 16:48

    school 33-ші ағым

    Ағылшын оқу күрсі
    Тек кана ағылшынды 0ден бастайм деушылер үшін улкен мүмкіндік...жуырда
    Толығырақ ашу...
  • Balgyn Балғын

    date_range 11 қаңтар, 22:44

    school 19-ші ағым

    Алматы қаласынан артинор қыздар керек
    Маған Алматы қаласынан партинор қыздар керек бірігіп жұмыс жасауға(Бизнес)Жауапкершілігі жоғары интернетте жаксы жұмыс жасайтын, Сөзге шешен, Пысық қыздар керек 87718463523
    Толығырақ ашу...
  • Жаханов Серик

    date_range 2019ж, 30 желтоқсан, 22:32

    school 33-ші ағым

    "Маркетингтік қызмет"
    ***
    Менің есімім Серік осы салада жүргеніме 3 айдың көлемі болды, және 10 ға жуық кәсіпкердің ризашылығын алдым, өз ісімді тиянақтылық және жауапкершілікпен атқарамын, қазір тапсырырыс беріп 5400 тг тұратын "Как устроена экономика" кітабын тегін жүктеп ал !!!

    Whatsap : +7 (707) 102 -39-98
    Фото
    Толығырақ ашу...

Бизнес-Бастау

Кәсіпкерлік Мектебі

Порталға кіру