Өзіңді бағалау бар бақыттың кілті

Өзіңізді бағалауды үйреніңіз. Өз бағаңызды білмей, ауыз толтырып айтар жетістікке жете аламын ойламаңызда. Өйткені ішкі түйсік пен ми сізді білімді, өнерлі, жан-жақты, табысты екендігіңізді мойындамай, тұлға ретінде өзіңді ешкімге мойындата алмайсыз.

 Бұл мақала әйелдер үшін өте маңызды, бірақ, ер азаматтар да бұл тақырыптан қалыс қалмайды.

 Шынайы болайық. Мәселен, біреудің жеңісін, жетістігін көргенде шын жүректен кейде амалсыздан “жарайсың, ол мықты екен, әй, азамат екенсің, бірақ, осы менің қолымнан ештеңе келмей-ақ қойды” деген сөздер шығады. Мүмкін мен жолы болмайтын адам шығармын, менің жолдарым жабылып қалған немесе көз тидіге салып кетіп жатамыз.

 Стоп! Сізде бәрі жақсы. Салыңыз суға кетіп, өмірден түңіліп, кетіп бара жатқан жамандықты айғайлап өзіңізге шақырмаңыз! Бірінші кезекте, жатар жеріңіз, баспанаңыз бар болып, деніңіз сау болып, жұмыс істеуге қауқарыңыз болып тұрса, сізден асқан бақытты адам жоқ. Қалғанының бәрі сіздің таңдауыз бен әрекетіңізде.

 Шынайы жоспар құрыңыз

Іс басталмай жатып, ойыңызбен өміріңіз жайлы әдемі картинаны елестетіп, миға сақтап қоясыз. Алайда, бәрі сіз ойлағандай бола бермейді. Солай ма?

Бірақ деген дүние бар. Сол қиялды армандағанда оның шынай не жалған екендігіне көз жеткіздіңіз бе? Немесе елдің сөзіне сеніп, ізденбей, естіген ақпаратпен қиялдап қоя салдыңыз ба? Осының ақ қарасын ажыратып алыңыз. Армандағанда да, жоспарлағанда да шынайы, ақиқатын біліп армандаңыз. Сонда ми нақты айқын мақсатқа жету әрекетінен хабардар болады.

 Үнемі үлкен табысқа ұмтылу көшбасшының кілті

 Жеткен жетістігіңе бірден қуанып, масайрамай, одан да жақсы нәтижеге ұмтылған әлбетте жақсы қасиет. Өзіңді босатпай, ұрсып, бақылап, үлкен табысқа жетуге қадам жасау, болашақта мәселені жылдам шешіп, қиындықты қуана қарсы алуға, қасқайып жұмыс істеуге үйретеді. Бұл жерде “өзіңе қатты, өзгелерге жұмсақ бол” деген қанатты сөздің қатысы жоғары.

Жауапкершілікті өзіңізге  алыңыз

Кез келген істе жауапкершілікті біреуге сілтемей, өзің істің түйінін шешуіңіз қажет. Жеңілдің астымен, қиынның үстімен жүру келешекте сізді көпке апармайды. Өзіңізді бағалауды үйрену үшін әуелі жауапкершілігіңізді жоғарылатқан абзал.

 Қорқыныш құр әуреге салады

 “Мүмкін олай емес”, “мүмкін меніңкі дұрыс емес”, “қап, мына ойды бекер айттым-ау” деген ойлар басыңызға кіріп шықпасын. Өз ісіңіз бен сөзіңізге өкінетін болсаңыз бастамаңыз, бастасаңыз тасмаңыз. Өйткені артық қорқыныш ойлары адамды адастырып, дамуға кесірін тигізеді. Өмірде ең қорқыныштысы ол тұрақсыздық пен қол қусырып отыру.

 Ортаңды өзгерту өзіңді тануға мүмкіндік береді

 “Досына қарап, жолдасын таны” демекші, сіздің кім екеніңізді білу үшін достарыңызды көрсетсе жеткілікті. Бұл өмірлік ең ақылды қанатты сөз. Расыменде, өмірге өкпелі, негативті адаммен араласа келсеңіз, аптаға жетпей сізде соған айналасыз. Сондықтан энергияға толы, ашық-жарқын, мақсатқа жететін адаммен араласып, құраласып, дос болған жөн.

 Өмір қара сызықтан құралмайды

Үнемі іштей үрейленіп, қазіргі сәттен ләззат ала алмайтын жандар қарасы қанмаша десеңізші. Олар үнемі “жоқ, күлкінің арты жылау”, “ақтың соңы қара”, “күн артынан түн” деп, болашақтың негативты болжамымен өмір сүретіндер. Ол жақсы өмір сапасын түсіріп, бүгінгі бақытымен өмір сүруге кедергі жасайды.

 Жоғарыдағы адам қасиеттерін жинастыра келе адам өзін бағалауды үйренеді. Қолыңызға күнделік алып, өзіңіздің жақсы, ұтымды қабілеттеріңізді, жеңіс пен табысты, жақсы мінезіңізді жиі жазып отырыңыз. Сондай-ақ, осыған дейін айтылған әдеттерден арылып, жарқын, қуанышты өмір сүруге талпыныңыз. Кітаптар оқып, идеяға толы болыңыз. Білімге ұмтылыңыз. Өмірге құштарлана түсіңіз. Жиі күлімдеп, қолыңыздан келетін істі жоғары бағаға бағалаңыз. Сәйкесінше сондай бағаға лайықты екеніңізді сезініп, жұмыс нәтижесін өзіңізге дәлелдейсіз. Бойыңыздағы қабілетті бір арнаға тоғыстырып, жүйелеп, мақсатты түрде қолдануды да үйренсеңіз, өзіңізді бағалауды саналы түрде түсіне бастайсыз.

Түпкілікті өзгеруді қалап, жаңа адам ретінде жаңа әрі жақсы өмір сүруді қаласаңыз, Бизнес Бастаудың аламанына жазылыңыз. Жүз пайыз өз нәтижесін береді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *