Жерден шаршаған халық Марсқа жол тартпақшы

Адам аяғы баспаған қызыл планета Марсты көзімен көріп, тіпті, жүздеген жылдардан соң онда өмір сүруге талпынатын адамдар көбеюде. Соның бірі Марстан қала соғатынын әлемге жариялаған Илон Маскты білмейтін адам жоқ шығар.

Алайда, Марста колония құру жобасы аяғына жетпей жабылды деген жаңалық ғылыми ізденіске қызығатын кейбір жас ғалымдардың көңілін түсіргендей болды.

Себебі «Марс-1» жобасы банкротқа ұшырады. Жалпы «Марс-1» жобасына жауапты коммерциялық Mars One Ventures және коммерциялық емес Mars One Foundation ұйымы болатын.

Mars

Ал іс барысы жүзеге аспай жатып, «Mars One Ventures » банкі банкротқа ұшырады. Бір жағынан бұл жобаның негізін қалаушы Бас Лансдорп атты ғалым алғашқы сәттен-ақ марсқа ұшу жайлы ойына екі ұшты қарап, күмән білдірген болатын. Сәйкесінше, күмәннің арты шындыққа айналып, марсқа ұшатын құралдың әлі жоқ екендігі мәлім болды. Себебі, қызыл планетаға ұшатын кеме де, оны ойлап табатын мамандар да тапшы еді.

Бір қызығы, марсқа ұшатын кеме межелі қызыл планетаға жеткенімен, қайта жерге оралмайды. Яғни, барса келмес ғарыш кемесі болуы ғажап емес.

Ал сол кемемен жерден кеткісі келетіндер де аз уақытта табылды. Яғни, адам өміріне қауіп тудыратын марсқа ұшуға келіскендер саны біз ойлағаннан да көп болды. Қызыл планетаға қатты қызыққан 200 000 адам ерікті түрде марсқа ұшуға өз келісімін берді. Ал марста өмір сүретін адамдардың өмірін қаржыланған телешоудан көру жоспарланған болатын.

Дегенмен, бұл ойлаған жоспардың күлі көкке ұшты. Өйткені 2012 жылы адамдарды Марсқа жеткізетін техникалық құралдың жоқ екендігі анық болды. Сонымен қатар ғарыш кемесін жасап шығаратын мамандар да, ғарыш агенттіктері де тартылмаған.

Дегенмен, «айтылған сөз атылған оқ» болғандықтан Илон Маск өз сөзінен қайтпай, миллион доллардан астам қаражатқа кеңестік баллистикалық зымырандарды іздестірді. Сатып алуға мүмкіндігі болмаған Маск қаржысы 1 миллиарл долларды құрайтын SpaceX жұмысын бастады. Одан бөлек НАСА-ның көптеген мамандарын ғылыми жұмысқа тартып, аса ауыр еңбекті талап еткен зымыранның екінші нұсқасы Falcon Heavy SpaceX жобасы басталды.

Илон Маск ракета мен Марс базасын дамытуға 14 миллион доллар жұмсаса да жеткіліксіз болды. Марсқа ұшқысы келетін еріктілердің әрқайсынан тіркелу кезінде  $ 10- $ 40 доллар алынса да, қомақты қаражатты қанағаттардыра алмады.

Mars One жобасы әлеуметтік сауалдар жасау арқылы жердегі бас қатыратын проблемадан қашқысы келетін адамдар санын анықтап берді.

Ал Лансдорп жерден кеткісі келетін 100 мыңнан астам адам мен бақылаушы миллиондаған халықты адастырып қойды. Біресе марсқа ұшатын кеме 2020 орын алып, тарихта қалады десе, тағы бірде адамдарды беймілім қызыл планетаға ұшыру  2030  жылы болады деді.

Иә, 18 мың ғаламның біз білмейтін сырлары өте көп. Адам баласы ретінде еңбекпен, қаншама жылдық зерттеулермен жердің бетіндегі беймәлім дүниелерді зерттеп болмадық. Алайда, адамзат үшін жердің асты мен үсті қашан да жұмбақ. Mars One жобасы қаншама қаражатты шашып, соңы тоқырау болғанымен, болашақ үшін үлкен өзгеріс, адамзатқа үлкен үміт сыйлаған жоба бола білді. Ал алды-арты тұман, белгісіз мұндай ғылыми төңкерістер қашанда тәуекелділікті талап етеді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *