Жан алқымға келгенде…

Жан алқымға келгенде адам кез келген тығырықтан шығады. БМ-нің сабағын Мәскеу мен Алматы арасында ұшып келіп жүріп оқудамын. Туған жерден тым шалғай кеткеннен соң биологиялық сағат пен жергілікті, яғни мәскеулік уақыт арасындағы айырма тіршілік етуіме әсер етті. Тым ерте тұрып аламын да ұйықтамай, сабақ тапсырыстарын орындаймын. Сөйтіп жүргенде уақыттың қалай өткенін байқамай, аэропортқа кешеуілдеп шықтым. Таксимен де үлгеру мүмкін емес. Ең қолайлы көлік экспресс. Аэропортқа асығулымын. Алматыда келесі күні болатын мастер-класқа мыңдаған адам тосып отыр. Қайтсем де үлгеруім керек! Бір күн ерте барып, сәл демалып, күшімді жинап барғаным жөн. Осы есептің желісімен мүлде танымайтын адамдардан көмек сұрап, неше түрлі амал-айла тауып, көмекшім Әйгерімнен жәрдем ала отырып, аэропортта да неше түрлі әрекет жасап, барлық мүмкіндікті пайдаландым…
Мен осыншалық қысылтаяң режімде күн көре алмай қаламын деп емес, білгенімді жастарға үйретіп үлгерейін дегендіктен жүрмін.
Адам неше түрлі қиындыққа дайын болуы және сол қияндықтардан шығудың сан түрлі амалын білуі керек.
Үлкен қиындықтардан өткен адам одан жеңілдерінен ләззат алатын болады.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *