Қытай делегациясы қой жүнін сатып алуға қызығушылық танытты

Жамбыл облысына келген Қытай делегациясы қой жүнін сатып алуға қызығушылық танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұмыс сапары «ПОШ Тараз» ЖШС-на барудан басталды. Аталған фабрика жүнді бастапқы өңдеумен, жуылған жүнді өңдеу, ТОПС, ОПЕНТОПС өндірісімен айналысады.

«Қазақстан – жері бай ел, әсіресе жайылымды жерлер көп. Меринос тұқымды қойды өсіруге жағдай бар. Сіздер өндіріске ең маңыздысы – шикізат екенін білесіздер. Біз де сіздерге ет өндірісінен кетіп, жүнді қойларды өсіруге өтуді ұсынамыз. Қытайда осындай қойларды экспорттауға тыйым салынған, егер болашақта тыйым алынып тасталса, онда Қазақстанға қой түрін әкеп, малды күту бойынша әдістерге оқытуға болады. Сонымен қатар біз сіздерді елімізге шақырамыз», – деді «Жүн Маркет компаниясы» ЖШҚ өкілі Хо Янь.   

Ары қарай делегация «Айвенго» ЖШС тігін фабрикасына барды. Кәсіпорын жоғары заманауи тігін өнімдерін шығарады. Қытай кәсіпкерлері қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне қызықты. 

Жұмыс сапары Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында қол қойылған меморнадуммен аяқталды. 

Қытай тарапынан «Жүн Маркет компаниясы» ЖШҚ және Жамбыл облысы жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары қауымдастығы, «Шеберлер мекені» жеңіл өнеркәсібінің қауымдастығы және өңірлік Кәсіпкерлер палатасы арасында төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *