Теңге бағамы төмендеді

Алматы. 8 ақпан. biznesbastau.kz – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллар бағамы 380,15 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,76 теңге / $1) ұлттық валюта 3,39 теңгеге арзандады.

KASE мәліметінше, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,20 теңге деңгейінде болса, ал ең жоғары – 380,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,10 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, доллар бойынша сауда көлемі 21 млн 100 мың долларды көрсеткішіне ие болды. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 53.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382,5 теңге, Алматыда – 382 теңге.

Нақтыласақ, Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,97 теңгені құрайды.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *