Танымал франшизалар. Белгілі брендтерге шолу

Әлемде ең танымал франшиза

Mcdonald’s компаниясына жаһандық жетістікке жетуге және әлемдік бизнесте жетекші позицияны иеленуге мүмкіндік берген — франчайзинг. АҚШ-та  бұл желінің  мейрамханаларының 80%  – франшиза, ал Еуропада – шамамен 50%. Ресейде бірінші Mcdonald’s «Пушкинская» метро станциясының жанында 1990 жылы пайда болды,  «американдық арман» ұзын кезектерімен есте қалды.

Кейбір деректер бойынша, «Макдональдс»-тың гамбургерлер мен чизбургерлерін барлығынан ең көп тұтынатын, ал тамақтану орнын  мейрамхана деп атайтын ел — Ресей. Мүмкін, әлемдегі ең танымал франшизаны РФ үшін ең қолжетімсізге айналдыратын бұл факт шығар. Mcdonald’s маркасымен «мейрамхана» ашу үшін бастапқы капитал 1 000 000 доллардан кем болмауы тиіс, ал роялти – 12,5%.

Әлемдегі ең бірінші франшиза

Қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің негізін салушысы Singer Sewing machine company  әлемге әйгілі компанияның негізін қалаушысы Исаак Зингер болды. Ол 1851 жылы АҚШ-тың белгілі бір аймағында Зингер тігін машинкаларын сату және жөндеуге құқық беру туралы өз өнімінің дистрибьюторларымен әлемдегі бірінші жазбаша шарт жасады. Қазіргі заманғы нормаларға сәйкес франшиза келісім-шартын жасады.

Әлемдегі ең қымбат франшиза

Сонау 1952 жылы Теннеси штатында Кеммонс Вилсон Holiday Inn компанияның негізін қалады, ол кейіннен франшиза сататын бірінші қонақ үй компаниясы болды. Бүгін бұл бренд әлемдегі ең ірі қонақ үй желілерінің   құрамына кіреді, әлемнің 100 елінде 4500 артық қонақ үйді «басқарады»  және алты әйгілі сауда маркаларының «иесі» болып табылады, олардың арасында: Inter Continental Hotels&Resorts, Holiday Inn Express, Staybridge Suites және басқалары. Осы брендтің франшизасының бағасы үй-жайлар құнын есепке алмағанда 5 000 000 доллардан басталады. Бір қызығы,  бұл алыптың паушалды жарнасының мөлшері  5 000 долларды ғана құрайды.

Әлемдегі ең арзан франшиза

Әлемнің ең кедей елдерінің бірі Индонезия болып саналады. Ресми деректер бойынша халықтың шамамен 75% кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, яғни жергілікті тұрғындар азық-түлік және ойын-сауыққа орташа есеппен 2,5 доллар жұмсайды. Бірақ, бұған қарамастан индонезиялықтардың шамамен 60% ұялы байланыс қызметтерінен бас тартпайды.  Сондықтан жергілікті RUMA компаниясы, ұялы байланыс төлем терминалдарының ұйымдастырушысы, франшиза көмегімен өз бизнесін қолдауға шешті. Осылайша » Business in a Box» атты өнім құрылды – дайын «қораптағы бизнес», ұялы байланыс үшін шоттарды толықтыру нүктелері.   Оның бағасы  23 долларды құрады. Жарты жыл ішінде компания 1 500 астам франшизаны сатты, маңыздысы, барлық серіктестер   шығындарды ақтай алды және табыс көрді. Айтпақшы,   RUMA-ның 10 франчайзиінің 9 – әйелдер. Сондықтан бұл әлемдегі ең кең тараған «әйелдер» франшизасы.

Әлемдегі ең ірі франшиза

1965 жылы америкалық Фред Де Люк шағын кафе ашты,  жылдар өте келе ол Subway танымал брендіне айналды. Табысқа тағы да франшиза ықпал етті, оны Фред Де Люк өз дистрибьюторларына 1974 жылдан бастап бере бастады. 2015 жылдың сәуір айының деректері бойынша, бүкіл әлем бойынша Subway желісінде  43 700 астам мейрамханалар істеп тұрды. Мұндай ауқымды табысқа қол жеткізу үшін компанияға 50 жыл қажет болды, оның ішінде 41 жыл бренд франшизасын сатып отырды. Айтпақшы, АҚШ-та және Канадада бұл фаст-фуд бренді аңызға айналған Mcdonald’s-тан озып, нарықта көшбасшы болды. Фирманың құпиясы: Mcdonald’s пен салыстарғанда бұл бизнестің бастапқы шығындары бірнеше есе аз. Өйткені, Subway-де ас үй жоқ, барлық өнімдер  жаңа піскен және сөреде сақталады. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану сәні де компанияғы жақсы әсер етті, өйткені сауда белгісінің тұжырымдамасы – тағам сатып алушының көзінше тек жаңа піскен өнімдерден дайындалады.

Әлемдегі ең кассалық франшиза

Гарри Поттер Warner Brothers компаниясы үшін нағыз ғажайыпты жаратты. Жас сиқыршы туралы фильмнің алғашқы жеті бөлімінен прокат алымдары компания қоржынына 6,4 миллиард долларды әкелді. Гарри Поттер туралы фильмдер сериясы әлемдік кинематограф тарихындағы ең пайдалы франшиза болып саналады.

Әлемдегі ең «жалқау»франшиза

Керемет, бірақ факт: 1С компьютерлік бағдарламасын сатып алу кезінде, сіз автоматты түрде франчайзи-дилер боласыз. Нәтижесінде, компанияда 20 000-нан астам франчайзи пайда болды. Алайда, айта кету керек,  бұл дилерлер мыңдап банкрот болуда.

Ең кең тараған франшизалар

Дүниежүзілік франчайзинг кеңесінің (WFC) мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні әлемде франчайзинг кәсіпорындарының саны (франчайзи) 1 500 000 (соңғы «санақ саны – 1 312 210) жақындады. Шын мәнінде, барлық белгілі киімдердің фирмалық дүкендері мен бутиктері әдетте франшиза, мұнда жылдам тамақтану индустриясы, мейрамханалар, қонақ үйлер, туристік қызмет көрсету, фитнес-клубтар, сұлулық салондары және т. б. да жатады. Бұл тізім күн сайын өсіп келеді.  

business.gov.kz

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *