Тәуелсіздік мейрамына орай «Алаш аманаты» атты шығармашылық кеші өтуде

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Қазақтың 7 түрлі дәстүрлі өнерін бір кештің ішінде көріп, тамашалаңыз!

Ұлттық өнерді асқақтатып,ата-дәстүрді жалғастырған «БАБАЛАР САЗЫ» этно тобы «АЛАШ АМАНАТЫ» атты шығармашылық кешіне шақырады!

🎻Шаңқобыз
🎹Сазсырнай
🎼Домбыра
🎙Сыбызғы
🎶Жетіген
🎵Қыл қобыз
🎙Дәстүрлі ән

Кеш қонақтары- Дәстүрлі ән өнері майталманыдары
🔸Еркін Шүкіман
🔸Біржан Базілжанов
🔸Әйгерім Әпенова

Жақындарыңызбен бірге келіп,ұлттық өнерді жанды дауыста тыңдап,Тәуелсіздік мерекесін бізбен бірге тойлауға асығыңыз!

📆16.12.2018ж.
⏰ сағ.17:00 Астана уақытымен
Байланыс номері:
8702 913 9593
8707 946 2471

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *