Түркістан облысының шоколады Өзбекстанға экспортталады

Алматы. 13 ақпан. biznesbastau.kz–Түркістан облысында шоколад глазурі мен шоколад шығаратын цех іске қосылды», — деп хабарлайды 7kun.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жоба Первомай ауылындағы «Балмұздақ» ЖШС-тің жеке қаражатына іске асырылды. Жоба құны – 800 миллион теңге.

«Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1100 тоннаны құрап, барлығы 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

2019 жылы дайын өнімді Өзбекстанға экспорттау жоспарлануда. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер бойынша цех өнімдерінің үлесі қазақстандық нарықтың 5%-ін құрайды», – деп толықтырды ведомство.

Биылғы жылы компанияның жаңа жобаларын жүзеге асыру жоспарланбағаны атап өтілді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *