СММ-де жиі жіберілетін қателіктер қандай?

Заман талабына сай СММ шағын кәсіптің дамуына бірден бір әсер ететін құрал. Билл Гейтс айтқандай, «Егер сіздің бизнесіңіз интернетте жоқ болса, онда сіз бизнесте жоқсыз». Бірақ, бұл жолы смм жарнаманы жүргізудегі қателікке жол бермеу жайында пайдалы кеңес айтылады. Сонымен, бар зейініңізбен мақаланы соңына дейін оқып шығыңыз.

САТЫЛЫМ ЖОҚ ПА?

Белгілі бір бизнесті инстаграмдағы айналыммен кеңінен танытып, парақшадағы оқырмандар санын көбейткенімен, сатылым мен трафик мүлде болмайды. Шындығында СММ-нің қуатымен сатылымның мөлшерін өлшеуге болмайды.

Өйткені инстадағы аккаунт халыққа жылдам танылып, брендке айналуға және жақсы репутацияны жолға қойып, өнімге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Алайда, жарнама әлеуметтік желіде жұмыс істемейтін сәттер де орын алады. Мұндай жағдайда тұтынушының бейнесін толық құрастырып, қателіктің неден кетіп жатқанын егжей-тегжейлі құрастырыңыз.

  • Тұтынушының қызығушылыңын, әдетін зерттеңіз,
  • Өніміңіз жайлы жарнаманы әр түрлі топтарға бөлісіңіз,
  • Аздаған қаржыға сатылым экспериментін жасаңыз,

Егер инстаграмдағы жарнамадан көп сұраныс түсіп, фейсбуктен сатып алушы келмесе, онда екінші әлеуметтік желіге жарнама жүргізуден бас тартыңыз. Себебі бұл жерде сіздің мақсатты аудиторияңыз жоқ деген сөз. Көптеген компания жарнамасын барлық әлеуметтік желі түріне беруге тырысқанымен, нәтиже болмайды. Енді ойланыңызшы, интернет деген осы екен деп мақсатсыз Snapchat- да өз өніміңіз жайлы жарнама берсеңіз, ақылға қонымсыз әрекет емес пе? Міне, сондықтан желінің де жүйелеп, тек жоспарлы түрде әрекет ету қажет.

Сатуға қиын өнімді не істейміз?

Тағы бір мәселе, Instagram – да ПВХ  трубаларын қалай сатып, белсенді парақша жасауға болады?  Бұл сұрақ дәл осындай өнімі жүрмей жатқан кәсіпкерлерге өте маңызды сауал. Ол үшін ерекше әдісті қолданған абзал.  Мәселен, сатылым жоспарын жүйеге келтіру қажет:

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ HR-БРЕНДТІ
    ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ

Жұмыстағы әріптестеріңізді арнайы біліктілігін жетілдіретін мастер-кластар мен тренингтерге жазыңыз. Жұмысшылар үшін бос орындарды жариялаңыз. Қалайда болсын бизнесіңізге кәсіби маманды тартуға тырысыңыз.  Өйткені кәсіби маман ПВХ трубаны сатудың амалын қалай да болсын табады.

Сонымен қатар қол астыңыздағы қызметкерге өніміңізді қалай қолдану керектігін және қызметін жақсылап түсіндіріңіз. Оперативті түрде сұрақтарына жауап беріп, екінші тараптан ұсыныстарды қабыл алыңыз.  

  1. Санға емес сапаға жұмыс істеңіз
  2.  Сіздің тақырыбыңызды жақсы түсінетіндер үшін қызықты контент құрастырыңыз. Сондай-ақ, оқырмандар қол қусырып қалмай, ең аз дегенде коментарий жазып, белсенділік көрсетеді.

SMM — репутацияны бір ізді жолға қояға көмектесетін құралдарды біліңіз. Мысалы ол:

  • Еске салу мониторингі
  • Негативті пікірлермен жұмыс істеу
  • Потенциялды тұтынушымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

СММ-дегі ең қиындық тудыратын нәрсе хэйтерлермен, жаман пікір жазушылармен күресіп, тазалап отыру. Ал ол үшін көмекке арнайы қызмет көрсететін бағдарламалар келеді. Мәселен, еске салу үшін YouScan, Wobot, Hootsuite қосымшасы іске жараса, Google Alerts арқылы кілт сөздер жазып, сіз іздеп жатқан дүниені жылдам табуға болады.

Есіңізде болсын, әрқашан клиенттің көңілінен шығатындай сауатты қызмет көрсетіңіз. Ол үшін төмендегі чек-лист ұсынамыз:

  • Әртүрлі әрі ерекше посттармен инстаграм парақшасында бөліңісіңіз;
  • Постқа қатысты хэштегтерді пайдаланыңыз;
  • Адамға жаман ой қалыптастыратын немесе тым жарнама ретінде көрінетін офферден бас тартыңыз;
  • Шындықпен тепе-теңдікті бірге ұстаңыз;
  • Өнім қолданушыны фотоға белгелемеңіз;
  • Қалай да болсын затты сату үшін әсіре жарнаманы қолданбаған дұрыс.

Бастысы, СММ-де клиент қойған әр сұраққа тұшымды жауап беріп, ізгілік көрсетіп, кеңес айтып, оның сіз үшін VIP-персон екендігіне сендіруіңіз керек. Сонда ғана сіздің компанияңыз бен өніміңізге тұрақты тұтынушы жиналып, үлкен сеніммен үлкен табыс көзін әкеледі.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *