Шымкент: 50 миллион долларлық зауыт іске қосылады

Алматы. 16 наурыз.biznesbastau.kz –Шымкентте 2019 жылдың наурыз айының соңында металлургиялық комбинатты іске қосу жоспарланып отыр.

Қалалық әкімшілік хабарлағандай, кәсіпорын «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында салынған.

Жоба «Amir-A-ның» меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда (Sin Yuan Steel) ал Қытайдың үлесі 70%, компанияның жалпы құны — 50 миллион долларды құраған. Зауыт құрылысы 2017 жылы басталған.

Дайындалған өнімнің 50% -ы Тәжікстанға, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға және Ресейге экспортталатын болады.

Әкімдіктің айтуынша, өндіріс көлемінің артуымен бюджетке төлемдер пропорционалды түрде өседі. Сондай-ақ, өндіріс есебінен 250 жұмыс орны құрылады.


Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *