Саяхатқа шыққанда ең керек 7 мобильді қосымша

Шет елге шыққыңыз келіп, жақын арада демалысты жоспарлап жүрсеңіз, онда біз сізге  ең керек деген 7 түрлі мобильді қосымша ұсынамыз. Қайда барсаңызда ұялы телефоныңыз қалтаңыздан түспейтіні анық. Сондықтан өзге елде саяхаттағанда қиындықтан алып шығатын бағдарламаны AppStore немесе Google Play-ден басып аласыз. Сонымен, қандай көмек құралдары екен? Бірге анықталық.

MAPS.ME

Қазақстаннан өзге Европа немес Азия, тіпті, Америка мемлекеттеріне шықпай тұрып, үйіңізден Maps.me  программасын қалта телефоныңызға басып алыңыз. Себебі Maps.me сіз баратын қаланың картасын офлайн-режимде көрсетіп, кез келген уақытта адасып кетпеуіңізді қадағалайды. Және бастысы интернетсіз жұмыс істейді. Автокөліктер, мейрамхана, арнайы нысан немесе банкомат, қонақ үй бәрін-бәрін түсін түстеп картадан көрсетіп, тауып береді. Қажет-ақ бағдарлама екен, ә?

Packpoint

Саяхатқа шығатын билетті сатып алып, жұмысты реттеп, жолға шыққалы жатқанда өзіңізбен бірге қандай заттар алу керектігін білмей, бас қатырасыз. Осы сәтте сіз үшін көмекке келетін Packpoint қосымшасы. Себебі ол шет елде сізге ең керек заттардың тізімін көрсетіп, ақыл-кеңес бере алады. Бір қызығы, қосымшаның ішінен қандай саяхатқа бара жатқаныңызды, кіммен бара жатқаныңызды, қанша күнге туралағаныңызды жазсаңыз болғаны. Анаңыздан артық көмегінен аямаса, кем емес қызмет көрсетеді. Артық ютуб ашып, ізденбейсіз.

GetTransfer Anywhere

Окей, ойыңыздағы шет елге келдіңіз делік, бірақ, әуежайдан қонақ үйге дейін таксимен қалайда болсын жету қажет-ақ. Бірақ, тіл білмейсіз әрі айлакер таксистер де жетерлік. Ал алаяқтарға алданып қалмас үшін әлемдегі барлық туристер GetTransfer Anywhere  атты қосымшаны басып алып, сенімді түрді ресми компания атынан келетін таксиді шақырады. Оны  AppStore және Google Play-ден жүктеп алып, бағасына қарай, жағдайына қарам, орташа көліктен, бизнес классқа арналған таксиге тапсырыс бере аласыз.

Smart Lens

Smart Lens —  демалысқа немесе жұмыс іс- сапарымен шет елге шыққан адамға бірден бір керек құрал. Телефоныңыздың камерасына түсірген кез келген жазбаша ақпаратты, банк картасын немесе жарнама, мекен-жай барлығын бір сәтте көшірме жасап, электронды мәтінге айналдырады. Smart Lens 56 тілді «біледі» және сол сәтте  жылдам аударады.

XE Currency Converter

Өзге елге барғанда міндетті түрде шопинг жасап, қыдырып, тәтті-дәмділер жейсің. Сондай сәттерде ол елдің ақшасын есептеп, доллар курсын анықтап, бас қатыруға тура келеді.  Сондықтан да XE Currency Converter қосымшасы өте тез доллардың курс бағамын айқындап, есептеп береді. Қосымша интернетсіз офлайн-режимде жұмыс істейді. Алайда, дүкенге шығар алдын бір рет интернетке қосып, ақпаратты жаңартып, соңы доллар курсын анықтап алу керек.

App in the Air

App in the Air —  ең танымал қосымшалардың бірі. Ол әуежайдағы ұшу уақытын ескертіп, нақты ақпарат береді. Егер ұшу уақытында өзгеріс туындаса, бірден смс хабар келіп, ескертеді. Сондай- ақ, қай жерден тамақ ішіп, әл жинап, ұялы телефонды қуаттайтын орын мен Wifi-ды көрсетіп тұрады.

WiFi Map

WiFi Map қосымшасын ұялы телефоныңызға басып алсаңыз, шет елдің қай түкпірінде жүрсеңізде, тегін WiFi сізден айналып өте алмайды. Өйткені 120 миллион WiFi нүктесі іске қосылып, автоматты түрде шығатын болады.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *