Ротшильдтер отбасылық Швейцария банкін құрмақшы

Алматы. 14 наурыз.biznesbastau.kz –Бенжамин Ротшильдтің отбасы Цюрихтегі қор биржасында сатылатын Edmond de Rothschild (Suisse) SA акцияларын сатып алуды жоспарлап, оны кеңейтуге дайындауда. Бұл туралы банктің сайтында жарияланған хабарламада айтылған, деп хабарлайды РБК.

Цюрихте еркін айналымға ие Edmond de Rothschild (Suisse) SA акцияларының барлығы 17945 швейцар франк бағасымен сатылады. Осыдан кейін ол швейцариялық қор нарығының мүшесі болмайды. Bloomberg мәліметіне сәйкес, банктің еркін айналымдағы 50 мың акциясының құны 897,3 миллион франк (890 миллион доллар) болмақ.

Жоспарланған транзакцияға сәйкес, Франциядағы банктің қаржы операциялары Эдмонд-де-Ротшильд (Швейцария) штаб-пәтері арқылы өтеді.

Банк жайлы шешімдер акционерлердің жиналысында нақты бекітілгеннен кейін, ондағы басқару құрылымындағы өзгерістер күтіледі.

Айта кетсек, Эдмонд-де-Ротшиль (SAisse) SA компаниясының таза пайдасы ұйымның есебінен 2018 жылы 222 миллион швейцар франк құрады.


Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *