ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі тағайындалды

Алматы. 16 наурыз.biznesbastau.kz –Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Primeminister.kz. агенттігі хабарлады.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылықтың Касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы қызметінен бастады. Жылдар бойы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазыналық жүйесінде жетекші лауазымында болды. 2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.


Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арыстан Қабыкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметінен босатылды.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *