Қостанайлық кәсіпкерлер заңға өзгеріс енгізуін сұрады

Алматы. 13 ақпан. biznesbastau.kz– «Қостанайлық кәсіпкерлер тұтынушылардың өнеркәсіп өнімдерін бірнеше күндік қолданыстан соң қайтаруына тыйым салуын сұрайды. Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қабылдауында айтылды

“Мереке қарсаңында біздің компания шығынға батады. Жиһазды сатыл алған халық қолданып, қайта өткізеді. Оған дәлел, жақында ғана бір қыз жиһаз дүкенінен матрац сатып алып, 3 күннен кейін “жатқанға жайсыз екен”, — деп қайтарып берді.

Ал біз болсақ қаптамасы бұзылған, қолданған затты дәл өзінің құнына сата алмаймыз. Тіпті болмаған жағдайда қайтарылған затты баламалы өніммен алмасуды ұсынамыз. Алайда, сатып алушылар одан да бас тартады”, — деді “Малимоненко”өкілі Сергей Шнайдер.

Кәсіпкерлер палатасының мамандарының пікірінше, тауарлардың негізсіз қайтарылатын жағдай соңғы уақытта көбеюі байқалады. Мұндай жағдайда санитарлық жағдайы бұзылған жиһазды өндіруші орындар да қабылдайды.

Сондықтан жиын барысында кәсіпкерлер бір ауыздан кәсіпкерлер  тұтынушы мен сатушының мүддесін бірдей сақтайтын заң бекітілуін сұрады.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *