Құны 1 миллион АҚШ долларлық робот қызметкерлерді жұмыстан қысқартты

Amazon компаниясы роботтар көмегімен 3000-нан астам қызметкерді жұмыстан қысқартты.

Бірнеше адамның жұмысын қатар істейтін бұл робот құны 1  миллион АҚШ долларға бағаланып отыр.

Amazon Итальяндық CMC Srl компаниясымен жеткізілетін CartonWrap роботтарын пайдаланады. Ал жасанды теміртұлғаның күндегі жұмыс істеу технологиясы келесідей: робот конвейерге келген тауарларды сканерлейді, белгілі бір  көлемдегі картон қорапшасын жинайды және тапсырыс береді. Робот 1 сағатта 600-700 қорапшаны жылдам жинап, адам қолына қарағанда 5 есе артық жұмыс істейді. Бір машина кем дегенде 24 адамның орнына қызмет етеді. Егер бұл қызмет түрі одан ары кеңейе түссе, онда 1000 адам жұмыстан шығады. Алайда, толықтай адам еңбегінен бас тартады деген сөз емес. Өйткені жұмыс сапалы өну үшін адам көмегі аса қажет. Мәселен, бір адам тапсырыс беру тетігін басса, екіншісі қорапшаны дайындайды.

Бір орауыш машина құнының  1  долларға бағалану себебін Reuters компания өкілі.  амортизация мен техникалық қызмет көрсетуі және адам еңбегі аз, кірістің көп әкелетіндіктен деп түсіндірді.

“Компания мақсаты қауіпсіздікті арттырып, жұмысты жеңілдету мен жылдамты арттыру мақсатында технологияны қолданамыз. Сонымен қатар клиенттерімізге жаңа қызмет түрімен жасалынған  сапалы өнімді ұсынудамыз”, — деді Amazon  ұйымы.

Reuters компаниясының айтуынша, роботты пайдаланған Amazon  — да аз уақытта прогрес көрініп, жылдам сапалы өніп шығарып, жаңа қойма ашып,  табыс ұлғайған.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *