Майкл Корстың эксперименті даңқ пен табысқа кенелтті

Michael Kors Holdings Limited –  киім және түрлі аксессуарларымен дүние жүзіне танылған американдық бағалы бренд. Тіпті, әлемнің  100 елінде жеке дүкендері жұмыс істейді. Алып компанияның негізін салушы Майкл Корс 1959  жылы 9  тамызда Нью-Йоркте дүние есігін ашқан. Ол бала кезден сәнді киімге бір табан жақын болып өседі. Жас кезінде Revlon компаниясында модель ретінде жұмыс істеген. Ал болашақ миллионер дизайнерлікке 19 жасында қадам басты. Жоғарғы білім алу үшін туған қаласындағы Fashion Institute of Technology институтын тәмамдайды.

Өзінің жеке киім үлгілерін дайындағаннан сәтте, 1981 жылдан бастап жеке дүкендермен әріптестік қарым-қатыс орнатады. Бір қызығы кішігірім бұл сауда орындары АҚШ-тың танымал орындарындағы Lord & Taylor, Bergdorf Goodman, Neiman Marcus и Bloomingdales болды. Құдайдың қолдауымен Корстың дизайндық жұмысы сәтті шығып, жылдам танымал бола бастайды. Өз өніміне өзі модель болуының арқасында кәсібіне жол ашып, аудиториясын кеңейте түседі. Ал 1995 жылы танымал Elle журналында  Cadillac Fashion Award иегері атанды. Артынша 1997 жылы Майкл Корс үшін жақсы жаңалықпен келіп, Францияның атақты Celine брендіне креативты директор ретінде сайланады. Жалпы сән шығарылымы ішіне әйел мен еркектердің киімі, қол сөмке, иіс су, көзілдірік, белбеу мен әмиян кіреді. Француздардың сән әлемі Майкл Корстың есімін тіпті асқақтатып, тек Америка емес, күллі Европаға танылуына жол ашты. Өкінішке орай, Корс франциялық компанияда 2003 жылға дейін қызмет етіп, жеке ісін қолға алуға жоспарлайды.

Оны алдыңғы буын сәнқойлар 2005 жылы әйелдер киімін үйлестіре жасайтын дүние жүзіндегі «ең мықты дизайнер» ретінде мойындады. Celine ұйымымен бір жолға қол үзбей, Нью-Йорктен өзінің Michael Kors атымен жеке дүкенін іске қосады. Осылайша, дизайнердің құрметіне аталған ең бірінші әйелге арналған иіс су сатылымға шықты. Сонымен қатар 1  жыл өте ерлер әтірін әлемнің түкпір түкпіріне ұсынды.

Атақты дизайнер осымен тоқтаған жоқ. Ары қарай 2001 жылы алғашқы әшекей бұйымдар шығарып, 2002 жылы ерлер киімі Корс компаниясы үшін табысты шығарылым саналды. Бірінші болып ерлер үшін ең қажетті әрі сәнді киімдер тігіп, түстер жарасымдылығын жариялады.  Әсересе, маңызды кездесуде  киетін жайлы және өте сәнді  классикалық, іскерлік киімдер жасап шығарды. Бүгінгі таңға дейін өз дәрежесін сақтап келген Майкл Корс киімі жаппай нарықты жаулап, оның киімін әлем мойындаған Дженнифер Лопес, Леди Гага және Кэтрин-Зета Джонс, Шерон Стоун атты әртістер мен Американың экс-президенті Барак Обаманың жары Мишель Обаманың үстінен көруге болады. Айтпақшы, Майкл «Оскар» иегері атанып та үлгерді.

 Жер шарында кеңінен танылған бренд дүкенінің орналаспаған жері жоқ, сірә. Дейтұрғанмен, ең қызу сауда орындары АҚШ-та, Италия, Англия, Францияда. Майкл Корстың айтуынша, оның дүкеніне кірген әрбір адам ғажайып эмоция мен бақытқа кенелетін көрінеді.

2009 жылы Майкл мырза Лондонда бірінші рет өзінің бутигін ашты. Мұндай кішігірім дүкендері Дубай мен Гонконгта да іске қосылды. Ал Michael Kors өнімі Қазастанның сауда орындарында да сатылады.

Серикова Ж.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *