Мақсатқа жеткізбейтін 5 кедергі

Қарапайым өмірден шаршап, жаңа деңгейге шығам дейтіндер айтарлық көп. Өзгерістің алғашқы қадамы -мақсаттарымыздың жоспарың құраудан басталады. Дегенмен, біз қалағандай нәтиже шыға бермейді. Қайта-қайта мақсатқа жету жолында, қандай қателіктерге тіркелеміз?

1. Мақсаттардың тым көп болуы. Бірден 5-10 мақсат қойып, барлығының бірден жүзеге асырылуың қалаймыз, алайда, мұндай шамадан тыс шара жүйке-жүйеміз бен моральдық жағдайымызға зиян келтіруі мүмкін. Арман — бұл шабыт, ал мақсат — сіздің арманыңызды орындауға шешім қабылдаған сәт. Күнделігіңізге барлық қалағаныңызды жазыңыз, арманда шектеу жоқ, кейін, сол тізімнен жүзеге қайсы асырылатының таңдайсыз. Есте сақтаңыз: біреуін толықтай бағындырмағанша, екіншісін бастамаңыз. Спортшылар мысалы, олимпиадаға дайындық кезінде, уақыттарың тек жаттығумен өткізеді. Олардың 100% назары жеңіске бағытталуы тиіс, сондықтан жаттығушылар маңызды жарыс алдыңда, жалпы жеке өмірінен оқшаулау үшін,  жарысқа дейін арнайы үйлерде өмір сүргізеді. Олимпиада біткен соң ғана, жаңа мақсат бағындыруға күшін салады.

2. Әрекетсіздік және асығыстық. Теледидар алдында жатып армандайтыңдар баршылық, алайда, әрекетсіз нәтиже болмайды.
•Кез-келген мақсатқа жету үшін, онымен тұрақты түрде айналыспасаңыз, нәтижесін көрмейсіз.
•Тым көп мотивация таныту, парадокс болғанымен, бірінші ережеден, еш айырмашылығы жоқ.

•Уақытты озып шығуға тырыссаңыз, қалаған нәтижеге келмейсіз.

Бірнеше жыл бұрың, құрбым екеуіміз түлектер кешінде мінсіз көріну үшін, алдымызға “арықтаймыз!” деген мақсат қойдық. Күнделікті кешке жарты сағатымызды далада жүгіруден бастайтыңымыз шешілді. Стадионға келген кезде, мотивация ішіме сыймай, сыртқа төгіліп жатты. Құрбым 2 айналым жасап, бірінші күндік жаттығуыма осы жетер деп тоқтатты. Мен болсам 3 айналым жасап, кішкентай үзілістен кейін секірдім де, әр түрлі жаттығуларды жасадым да, өзіме қатты риза болып, ертен тағы қандай жаттығуды қосатыңымды ойластырып, үйге қайттым. Келесі күні төсектен тұра алмадым. Аяғымды көтеру, баспалдақтан көтерілу, денеме үлкен азап болды. Апта бойы кешкен ауырсыңнан кейін, жаттығуға ынтам болмады. Жүгіру — есімде  кері ассоциациямен қалыптасты. Құрбым болса, тұрақты жүгіруді жалғастырды. Кішкентай қадаммен, үлкен мақсатқа жетті. Айтарлық, бүгінгі күнде ол 10-20 км. марафондарды бағындырады. Басты тұжырым – тұрақтылық, күшке қарағанда маңызды.

3. «Жинау мақсат болса – алтын ба, тас па – бәрібір».  Мақсатты анық жазбау — қате. Мақсатымыздың жоспарың жазғанда, барлық маңызды бөлшектерді жазуды ұмытпаңыз. Бизнес ашқалы жатқандар: қандай аумақта ашамың? Нені өндіремін? Нарықта қандай жетістікке жетуім керек? Қандай мөлшерде пайда табамың? деп толық тізім құрастырыңыз. Студенттер оқу орнын бітірген соң, әйтеуір жұмысқа шығып, акша тапсам жетеді дейді. Кейін жұмысы рахат әкелмейтің, өзіне ұнамайтың салада, өмірге әрдайым шағымданатыңдар қатарынан болады.

 

4. Мақсатқа жету жолында көп қиындықтар туыңдайтыны рас. Қиыншылыққа төзбей, уақытқа сабырсыз,  шыдамсыздық таңытады. Түпкікілікті деңгейге жетпей, не берсе, соған келіскендер, ақыр-соңы нәтижеге ырза болмай, қай жерден қате кеткенің түсінбей жатады. Бұрынғы әріптесім өте ақылды, көркімді, 27-ге келген басы бос келіншек еді.  Кабинетімізге әрбір келген жан, біреуі шың ниетпен, екіншісі кекетіп, есіне тұрмысқа шығу керек екенің міндет санаған сияқты көрінетің. Кейін көрші бөлімдегі жігіт, әріптесімнің жүрегіне жол іздеп жүргенің білдім. Ұсынысың неліктен қабылдамағаның сұрағанда, менің мақсатым тұрмысқа шыға салу емес, жүрегіме жақың жаңды табу, ол үшін қанша күту керек болса да, күтемін деді. Қазір көзі бақытқа толы әйел, жары екеуі 2 ұлды тәрбиелеп, шынымен үлгілі отбасы ретінде айта аламын. Мақсатқа ең қиын жолмен, ұзақ күтіп, қол үзбеген жандардың тізімі үлкен. Егер Джоан Роулинг, кітап жазу барысында, басына түскен барлық қиыншылыққа шыдамай, қолын үзсе, Гарри Поттерді әлемге басқа кім әкелушеді?

5. Алдымызға қойған мақсатты жақындарымызға айтқан кезде, әртүрлі реакцияға дайын болуыңызды ескертеміз. Күткен қолдаудың орнына, біреудің кеңесіне құлақ шаласыз: «Программист бол, олар қазір көп акша табады!», «Мен сияқты 9 жыл оқып, кішкентай ақыға дәрігер болғын келеді ма?», және т.б.  сан-алуан мысалдар келтіруге болады. Кейде расында да, бізге жақсы болсын деп айтады. Жаңа бағытқа шығу кезеніңде — ішімізде қорқыныш пен мың сұрақ туады. Бұл қалыпты жағдай, ең бастысы — тоқталмай, соңына дейін жету.  Әлемде қаншалықты көп  максат бар, елестетіңізші? Және сіз кез-келген адам бола аласыз. Әрине, бір нәрсені меңгеріп, жақсы түсіну үшін көп уақыт қажет. Ал егер сіз біреудің кенесімен, мысалы, қаржыгер мамаңдығына түстіңіз, ал, қалағаныныз спортшы болу болды. Мүмкін спорт әлемі, сол мезетте ең үздік спортшыдан айырылды? Қалаған мақсатыңыздан, біреудің кенесі үшін бас тарту — ішкі сенімсіздіктік пен әлсіздікті көрсетеді.

Галиева Анель

Мақсатқа жеткізбейтін 5 кедергі: 1 комментарий

  1. Ереке:

    Керемет жазылган! Осындай акпараттар коп болса биздин мемлекетте коп жастар дурыс багытпен журеди! Елимиздин экономикамын котереди. Жаксы акпарат👍🏻

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *