«Кредитсіз» баланың табысы шығар алдынан немесе несиесіз қалай өмір сүруге болады?

Қаншама адам «демалыс үшін», «той жасау үшін», «бағалы зат үшін»  несиеге ақша алады да, соңы миллиондаған қарызбен аяқталады. Тіпті, отбасы мүшелерімен сол қарыздан құтылудың қамын жасайды. Мұндай жағдай әрбір Қазақстандағы үшінші адамның басындағы жағдай. Әсіресе, соңғы 10 жылда еліміздегі кредит алушылар саны еселенген.

Сондықтан қай уақытта несие алу қажет және қандай жағдайда несие алудан алшақ болу керектігін талқылаймыз.

Жалпы кредит жақсы да, жаман да емес. Бұл жәй ғана қаржы құрылғысы.

  • Мәселен, қайсібір адам несиемен жоғары білім алып, кәсібін аяқтан тұрғызып, үй сатып алады. Яғни несиені шамасына қарай алып, одан пайда көретіндер бар.
  • Ал бір адамдар алдымен жаңа айфон сатып алады да, Тайландқа демалысқа кетеді және сол аралықта «әріптестері қызыға қарап, қыздар жақсы көру үшін» көлік алады. Мұның бәрін несиеге алып жатқан адам қарызға белшесінен батып жатқанын аңғармайды.

Міне, осы сәттен бастап ақша мен қарыз сіздің бар өміріңіз бен көңіл күйіңізді басқаратын болады.

Несие жайлы идея неге адамға жағымды?

1960  жылы Стенфорд университетінің ғалымдары «зефир» экспериментін жасап көреді. 4-6 жас аралығындағы балаларға 1 зефир береді де, егер де 15 минут жемей күтіп отырса, оданда көп тәттілер беруді уәде етеді. Сүйтіп, үлкендер әлгі жас баланы жалғыз қалдырады. Бір бала зефирді көрмес үшін көзін жауып отырса, екінші бала зефирдің иісін сезбес үшін шашын иіскеп отырады. Тағы бірі үстел үстінен алыс отырса, төртіншісі бірден жеп қояды. Бұл эксперименттің мәні мынада:

Несиеде дәл солай жұмыс істейді. Ол тура дүкенде сатылып тұрған тәтті сияқты алыстан рақат сезімін уәде етеді де, ақшасын кейін төлейсіңге басады. Ал біреуін қазір жеп, қалғанын кейін жейсің деген зефирді бес жасар балалар қарамай жеп қойды. Үлкендер де сондай.  Жүз доллардың бағасын қазір біледі де, бір жылдан кейін жиналатын екі жүз мың долларды есепке алмайды да. Дәл осылай несиенің шырмауына ілігеді.

Сол сияқты әлемге танымал жұлдыздар да қарызға кірген. Мәселен, Майкл Джексон жылына 30 миллион доллар кредит төлеп, тіпті, қайтыс болғанда да артынан жарты миллиард доллар қалды. Сонымен қатар Уитни Хьюстон, Майк Тайсон, Джонни Депп  сынды танымалды тұлғалар ақша жетерліктей өмір сүргенімен өкінішке орай қарызға батты. Себебі қарыздың «дұрыс» және «бұрыс» айырмасын ажырата алмағандықтан тап болады.

«Дұрыс» не «бұрыс» қарыздар

«Дұрыс» қарыз дегеніміз пайда кенелтіп, табыс табуға мүмкіндік береді.

  • Мәселен, несиеге мықты ноутбук сатып алып, оның ішіне ең керемет бағдарлама басып, сол қосымша арқылы екі есе табыс табу —  “дұрыс” қарыз жүйесі саналады.
  • Ипотекаға үй алып, қайын жұртыңнан бөлек тұру да «дұрыс» қарыз.
  • Кәсіп жүргізу немесе бизнесті кеңінен дамытуға несие алу «дұрыс қарызға жатады.

Ал «ақымақ» яғни «бұрыс» несие мәселені шешпейді, табыс пен кіріс алып келмейді. Тек қана қарызға батырып, қаражатты үлкен проблемаға айналдырады.

  • Сіз ақша таппай жатып, несиеге қарызға ақша алып, минусқа кіресіз.
  • Несиеге алған көлігіңіз ескіріп, шет елде демалғаныңыз ұмтылып кетсе де, банктен келетін төлем қағазы қайта-қайта ақша төлеуді есіңізге салады.
  • Сондай-ақ, ақшаны уайымға салып, жүйкеңіз тозады, денсаулығыңызға зиян келеді.
  • Болашақтағы өз ақшаңызды өз ұрлайсыз.

Несие фильтрі

Қарызға кредит алардың алдын өзіңізге мынандай үш сұрақ қойыңыз:

  1. Алынатын несие уақытша қажеттілікті өтейді ме әлде стратегиялық түрде алу маңызды ма?
  2. Кіріс алып келеді ме? (ақша, кепілді келешек, жұмыс, кәсіп).
  3. Қажеттілікті басқа нұсқамен ауыстыру болмайды ма? (Мысалы, ноутбук қатты қажет болса, достарыңнан ала тұрып қолдану)

Енді жоғарыдағы кеңестен бөлек, бір басында бес несиесі бар жандарға көшейік.

Несие қарызынан қалай аман қалуға болады?

1.Ақиқатқа тура қараңыз

Барлық қарызыңызды жазып, кірісіңізді есептеңіз. Сонымен қатар мұңға батпай, қолмен істегенді мойынмен көтеріп, жағдайды қабылдай біліңіз. Одан кейін дағдарысқа қарсы жоспар құрыңыз. Қашан және қандай табыс табыспен қарыздан құтылудың жолын қарастырыңыз.

2. Қайта қаржыландыру мүмкіндігін анықтаңыз

 Бірнеше жерден алған несиеңіздің үстеме пайыздың мөлшерлемесі (25−35%) болу мүмкін. Олардың бәрін бірдей төлейтін 15% немесе одан да төмен бір банктен несие алып толықтай жабу керек.  

  • Қарыздан барынша жылдам құтылыңыз

«Қарызым көп. Алайда, адам сияқты өмір сүру де керек. Қыдырып, киім де алу қажет» дейтін жандар көп. Ақшаны жылдап төлеуге асықпайды. Мұндайдың не керегі бар? Қарызда жүріп, жақсы өмір сүргеннен пайда жоқ. Өйткені доллармен алынған қарыз ақша көтеріліп кетуі мүмкін немесе өзі ауырып, жұмыс істей алмай қалуы ықтимал. Сондықтан барынша ақша барда қарызды біржолата жапқан дұрыс.

Несиені өтеу стратегиясы

Несиені өтейтін бірнеше стратигия түрі бар:

Максималды пайыз

Несиені үлкен бағамен таңдаймыз да (әдетте ол кредит картасы, микрокредит) артық ақшамызды қарызды өтеуге сонда саламыз. Ал бұл пайыздық мөлшерлемені экономдауға көмектеседі.

Минималды баға

Ең аз бағадағы қарызды жылдам жабуға кірісу қажет. Яғни, кішкентай қадаммен үлкен қарыздан құтылу. Мұндай әдіске сіздер «үстеме пайыздан ұтыламын» дейсіз. Алайда, сіз қарызға батып, ақшадан онсызда ұтылғансыз. Сондықтан азда болса қарызды жылдам жабасыз.

Мұндай жағдайда немістің миллионері, «Қалай баюға болады» атты бестселлердің авторы Бодо Шефердің кеңесіне құлақ түрген жөн:

«Өзіңіз ойланып көріңіз: Өзекті өртеген қарыздан құтылу жолын мақсат етіп қойдыңыз делік. Бұл мақсаттың өзін сіз үлкен ой деп қабылдайсыз. Бірақ, шындап келгенде 0 деген нәтижеге жетесіз. Себебі жаңадан туған бала сияқты қолыңызда ештеңе болмайды. Ал бұл жағдайда  нөлден бастау, нөл саны мақсат бола алмайды ».

Банктегі несиені төлеуге қолыңыз бармай, іштей қиналып тұрсаңыз, онда тапқан табысыңыздың 50 %-ын несиеге, қалғанын өзіңізде сақтап қойыңыз. Өкінбейсіз.

4. Әрекет етіңіз

Соңғы айтарымыз және ең маңызды кеңесіміз: Алдыңызға қойған жоспардан айнымай, қарыздан құтылудың бар жағдайын жасаңыз. Қандай мәселе болмасын, өз айтқаныңыздан қайтпай, қайта несиеге жоламаңыз. Себебі несиесіз де өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Қарызсыз өмір қашанда керемет!

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *