Кәсіпте шығынды азайтудың формуласы

Кез келген бизнестің ең бірінші орындағы мақсаты – кіріс алу. Бұл үдерісте шығын неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Бұл ұстаным әр кәсіпкерге, тіпті өз ісін жаңа қолға алып отырғандарға да түсінікті және жақын.

Кіріс алудың қарапайым формуласын жазамыз:

Кіріс  = Тауар айналымы  – Шығындар 

Осыдан кірісті арттыру жолдарын шығарамыз:

•          шығысты сол деңгейде қалдырып, тауар айналымын арттыру;

•          айналымның сол шамасында шегерісті төмендету;

•          тауар айналымын арттыру, шығынды азайту.

Кез келген кәсіпкер үшін ең тиімді жолы – үшінші (тауар айналымын арттыру, шығынды азайту), алайда, оны жүзеге асыру үшін білім мен дағды қажет. Керісінше жағдайда кірісті арттыру ниетімен негізсіз түрде қаражаттың көп бөлігін жарнамаға немесе басқа да маркетинг құралдарына жұмсауға болады. Бұл жаңа қиыншылықтардың көзі болып табылады. Бюджеттің шығынды бөлімінің әр тармағына мұқият талдау жасау және төмендету керек.

Шығынды азайту жолдары:

         өнімнің өзіндік құнын төмендету.

Бұл үшін экономика оқулықтарындағы нұсқаулар қажет. Атап айтқанда еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс үдерістерін арттыру, мамандануды кеңейту, кәсіпорынды ірілендіру, барлық учаскелерге экономиканы енгізу, шикізаттар мен материалдарды үнемдеу, шикізат жеткізушілер мен тасымалдаушыларды ойластырып таңдау, пайдаланатын технологияларды жетілдіру; басқару аппаратының шығындарын азайту; ақаулықты өнім өндірісін азайту; нарықты жүйелі зерттеу. Өзіндік құнын төмендету үдерісіне кірісу алдында әр тармақ бойынша шығынды төмендетудің нақты көлемін анықтау керек.

         белгілі шығын түрлері бойынша шығысты азайту.

Мұнда бухгалтерлер аса көп жұмыс жасауы тиіс. Бұл жағдайда үнемі шығындарды төмендету кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қалай ықпал етеді деген мәселені ойда ұстау керек. Мысалы, жұмыскерлердің еңбек ақысы мөлшерін төмендету білікті мамандардың көңілі толмауы мен жылыстауына алып келеді. Ал өз ісінің мамандары болмаған жағдайда мақсатқа жету мүмкін емес. Сол себепті барлық «оң» және «теріс» жақтарын мұқият есептеу керек.

Тоқтап тұрған құрылғыларды, бос ғимараттарды, қолданылмайтын автокөлікті жалға беру арқылы шегерістерді төмендетуге болады. Сонымен қатар, компанияның сатып алуларын орталықтандырып, сапасыз тауар үшін шығынның алдын алу, бюджетті нақтылау, электронды форматта өткізілетін тендерлерге қатысу және т.б.

Негізсіз шығындарды азайту және шығыстарды талдауды әр кәсіпорын тұрақты түрде жүргізуі керек. Бұл компания капиталын арттырудың, қажетті кіріс мөлшерін алудың басты  және тиімді тәсілдерінің бірі.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *