Иранмен еркін сауда байланысы орнайды

Алматы. 13 наурыз. biznesbastau.kz –  Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыс барысында «Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше-мемлекеттері арасындағы еркін сауда аймағын қалыптастыруға мүмкіндік беретін уақытша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов атап өткендей, келісімге 2018 жылдың 17 мамырында Астанада қол қойылған.

Құжатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауарлардың шектеулі ауқымын және жеңілдікпен берілетін сауда режимін және импорттық кедендік баждарды төмендету көзделген.

«Сонымен қатар бұл құжат отандық өнімді Иранға экспорттауға зор мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, 80 миллион халқы бар Иран еліне Қазақстан тарапынан экспорт көрсеткіші 2018 жылы 516 млн долларға жеткен. Ал Иран мемлекетінен сиыр еті, қой еті, бұршақ, ет және дәнді дақылдар, макарон және кондитерлік өнімдер, рельстер, аккумуляторлар, фитингтер, құбырлар мен басқа да тауарларды жеңілдік тарифтерімен импорттауға болады», — деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

«Екі жақты келісім ратификациялау рәсімдері аяқталғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Келісімнің мерзімі үш жылды құрады. Ал оны ратификациялаудан кейін бір жыл ішінде еркін сауда аймағы туралы тұрақты келіссөздер басталады », — деді Даленов.




Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *