Инстаграмда бизнесті дамытудың жылдам жолы

Күнделікті 4-5 сағат уақыт бөлетін инстаграм желісінің сізге берер пайдасы аз. Себебі елдің өмірін бақылап, лүпіл қойғаннан артық  қызметіңіз жоқ. Ал шындығында инстаграмды кәсіп ретінде қолданатын адамдар сіздің уақытыңыздан ақша жасап жатыр. Сондықтан өз суретіңізді жүктеумен шектелмей, инстаграмды бизнес ретінде қолдануға көшкеніңіз абзал. Әйтпесе, көштен қаласыз.

Олай болса, инстаграмның берер мүмкіндіктері, қолдану реті жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Мәселен, көрші Ресей еліндегі халық  Facebook-тен гөрі Инстаграм-нан өте көп ақша табады. Бұл дегеніміз Инстаграмда отыратын адамдар саны миллиардтан асып жығылып, ондағы жарнама эффектісі жоғары дәрежеде дамыған.

Сонымен қатар күн сайын миллиондаған ақпараттармен жаңарып отыратын бұл желі босаңсуға жол бермейді. Бәсекелестік қайнап тұр. Себебі жартысынан астам ақпарат бизнес үшін жарияланып, көк қағазға кенелтуде. Айта кететін жайт, бизнесіңіз дамып, қомақты қаражаттың астына көмілу үшін сәйкесінше оқырмандарыңыз (подписчик) өте көп болуы қажет.

Сондықтан бұл мақалада Инстаграмды қалай жаңарту керек, бизнеске қолдану жолы, нені қалт жіберуге болмайды, историяның пайдасы, оқырманды жылдам жинау жолын тарқатып айтатын боламыз.

1. Бизнес-профиль

2016 жылдың шілде айында  Инстаграм  қолданушылары үшін бизнес-профиль ашуға үлкен мүмкіндік беретін функционал қосымша іске қосылды.

Бұл бизнес-профильдің ең бір айрықша қызметі “байланыс” тетігі болып саналды. Яғни суретте көріп тұрғандай  «Связаться» тетігін басқан оқырман тікелей сіздің почтаңызға жазып, сіздің мекен-жайыңызды картадан көре алады.

Сондай-ақ, бизнес-профиль сіздің парақшаңыздағы постқа қанша адам кіргенін, қаншалықты қызығушылық танытқанын және лүпіл мен пікір санын нақты көрсетіп, статистика жүргізе алады.

Жалпылама статистика аккаунттың ең үздіктерін алға шығарып, оның күндік, апталық, айлық көрсетіліміне шолу жасап, оқырмандардың арасында жігіт не қыздардың санын, пайызын шығарып, қай қаладан адамдар көп екендігін анықтайды.

Бизнес-профиль қандай маңызды пост жазуға және оқырмандарға не қызық екендігін дәл айтып беруге көмектеседі. Яғни оң қолыңыздың қызметін мүлтіксіз атқарады. Бұл ақпараттарға көз жеткізгеннен кейін қай уақытта публикацияны жариялап, не туралы жазып, қандай геолокацияны қойып, тегтер мен хэштегтерді пайдалануды үйреніп, толықтай контент тауып, тірі адамдарды жинау жолын түсінуге әбден болады.

Ал бизнес-профильге қосылу үшін  «Настройки профиля»  жүйесіне кіріп, компания парақшасын Фейсбукке тіркеп, мекен-жай, телефон, почтаны жазып, ұмытып қалмайтындай есте ұстап, қосыласыз.

2.Посттарды дамыту

Соңғы кезде постты ақылы түрде жүргізу өте ыңғайлы болып кетті. Бұрынырақ таргетингтік ақылы жарнаманы жүргізетін жұмыстар қадамы көп болса (Эдс Менеджер» (Ads Manager) және «Пауэр Эдитор» (Power Editor) немесе «Айтаргет» (Aitarget) ал қазір тікелей Инстаграм арқылы таргетті оңай қосуға болады.

Мысалы, сіз кез келген белсенді, елдің көңілін бірден өзіне аударатын постты алып, таргет жасап, бүкіл халыққа жарнама жасай аласыз.  Бұл үшін мақсатты оқырмандар аудиториясын таңдап, сізге шығу мүмкіндігін қойып (телефонмен хабарласу, парақшаға жазылу, сайтқа шығу) оқырмандар жасын, қызығушылығын, жынысын, бөлінетін қаражатын таңдау құзыры бар.  

Айтпақшы, жарнаманы таңдағанда видео не фото түрінде жүргізу форматын да таңдай аласыз.

Сонымен қатар жарнама барысында бірнеше секунд көңіл бөліп, қызығып қараған оқырманды тартып алатын СТА тетікшісі де бар. Демек, секунд аралығында бұл адаммен байланысқа шығасыз деген сөз.

3. История (Stories)

Енді, Инстаграмның тамаша мүмкіндіктерінің бірі фото немесе видео историялар. Аты атап тұрғандай күнделікті өмір не сәт тарихын жүктейсіз. Бұл жазба басты суретіңіз тұрған дөңгелек бөліктен қызыл болып шығып, 24  сағат бойы сақталады.

Историяның мақсаты елдер сізді ұмытып кетпедй. Жиі есіне салады. Тіпті, үйреніп алған жағдайда оқырмандар тарапынан сізді іздеуге дейін апарады. Бұл функция арқылы ойыңызды білдіріп, күнделікті бизнес проектіңізбен бөлісе аласыз. История оқырман жинаймайды. Он тек сізге жазылған подписяиктер көреді.

Историяда түрлі қызықты жазбалар мен қимылдайтын суреттер (gif), кез келген сайт, ютубке тікелей қосылуға немесе «Директке» жазба қалдыруға мүмкіндік береді.

Ал «Историяны» бизнес бағытта қолданылу ретіне тоқталайық:

1. Оқырманға өте қызықты жұмыс процесін видеоға түсіріп, репортаж жасау.

2. Түсінікті жазбамен, әдемі коллаж немесе қызықты суреттермен, эмоциямен фото жүктеу.
3.Мақсатты әрі жаңа фотогалерия жасау .
4. Акцияны немесе конкурс сайыстарын еске түсіру керек.
5. «Директтен» келген ұсыныс бойынша ойындар ұйымдастырып, видео не фото түрінде посттар салу.
6. Жаңа посттың анонсымен бөлісіп, еске салу қажет.
7. Сайыстың нәтижесімен бөлісу керек.
8. Марафон не квест ұйымдастыру.

Инстаграм «Историяны» ары қарай дамытуды көздейді. Әсіресе, түрлі қызықты қосымшаларды историяға жүктеп, оқырмандар назарын жиі аудартады. Сондықтан оқырманды жалықтырып алмас үшін жиі әрі орнымен «Историялар» жүктеп, бизнес парақшаңызды жүйелі дамытуға болады.

Алдағы уақытта «Историяға» жаңа қосымша қосылады. Яғни история арқылы «еще»  «тағы» деген төменге қаратқан тетікшені енгізіп, өзге ютуб не сайт желісіне автоматты түрде кіруіне жағдай жасалынады.

4. Пікірлерді туралау функциясы

Комментариді модерациялау

Инстаграмның (настройка) жөндеу бөліміне кіріп, пікірлер деген бөлігіне жаман сөздерді немесе жағымсыз сөздерді кілт сөз ретінде тіркеп, ешкім дәл сондай сөзді комментарий ретінде жаза алмайтында істей аласыз.

Яғни, пікірлеріңіз қоқысқа толы боғауыз не жағымсыз пікірлерден құралмайтын болады.

Комментариге фильтр қосу үшін настройкаға кіріп, «Скрывать неуместные комментарии» тетігін басасыз.

Комментариді толықтай өшіру

Сонымен қатар пікірді толықтай өшіріп тастауға мүмкіндік бар. Ешкім пікір жаза алмайды. Мәселен, сіз бір сайыс ұйымдастырдыңыз делік. Алайда, сайыста пікір қалдыру шартының уақыты аяқталады. Осы сәтте пікір жазуды тоқтату функциясын басқан жағдайда, жарты жолдан қосылған оқырмандар пікір жаза алмайды.

Бұл үшін жөндеу бөлімінен «Выключить комментарии» пунктін орындайсыз.

Пікірге лүпіл қою

Өзге подписчиктердің қалдырған пікірлеріне лайк яғни лүпіл баса аласың.

Инстграм қолданушылары өз пікірлерін бағалап, лүпіл қойғанын көріп, қуанышқа бөленіп, одан әрі белсенді болуға талпынады.

5. Тікелей эфир (LIVE-трансляции)

Егер сіз осы күнге дейін Инстаграмда видеотрансляция жасамасаңыз онда дереу арада қазір бастап кетіңіз. Тікелей эфир 2017 жылдың соңында Қазақстандықтарға алғаш рет қосылды. Міне, сол уақыттан бері тікелей эфирдің пайдасын көріп, көл-көсір оқырман мен қаражатқа ие болғандар саны жетерлік.

Тікелей эфир —  оқырманмен байланыс орнататын, ара-қатынасты жақындататын, тапсырыс берушілерді жинайтын бірден бір мүмкіндік.

Бизнесті дамыту аясында тікелей эфир арқылы ойындардың нәтижесін жариялап, кәсібіңіздің ішкі құрылысымен таныстырып, адамдарға сенім ұялатып, сұхбат құруға болады. Ескерте кететін жайт, тікелей эфирде қозғайтын әңгімеңіздің тақырыбын алдын ала ойластырып, дайындық жүргізген дұрыс. Себебі оқырмандарды тұрақты клиентке айналдыру оңай шаруа емес.

Тікелей эфирмен төмендегідей бейнежазба түсіресіз:
— Салтанатты кештерді онлайн түрде көрсету;
— Жаңа коллекцияларды таныстыру;
— Тікелей эфир арқылы подписчиктердің сауалына жауап беру;
— Эксперттермен сұхбат жүргізу;
— Онлайн курстар жүргізу;

Тікелей эфирге адамдар бір уақытта кіру үшін алдын ала пост немесе историяға жариялап, ескерту арқылы жинай аласыз.

Тікелей эфирдің ұзақтығы 1 сағатқа дейін жалғасады. Қазіргі уақытта тікелей эфирді 24 сағат бойы сақтап қоюға болады.

6. Қойма

«Закладки»  функциясы 2016 жылы шықты. Ол кез келген Инстаграмнан көрген постты сақтауға мүмкіндік береді. Тіпті автор ол парақшаны біржолата өшіріп тастаған жағдайда, сақтап алған адамда сақталады.

Бұл қосымша кәсіпкерлерге қандай көмек береді? Аталмыш функция ақпаратты жылдам тауып, қолдануға немесе брендтерді пайдаға асыртады. Сонымен қатар маркетингтік мақсатта қолданылады. Нақты постты сақтау арқылы сол затты сатып алу барысында иесіне көрсетіп, жеңілдік, бонус, тегін жеткізуді талап ете аласыз.

Инстаграмның барлық мүмкіндігін максималды түрде қолданыңыз

Инстаграмның көмегімен миллиондаған бизнесмендер кәсібін жасап, жаңа заттарға жарнама беріп, үздіксіз тапсырыс қабылдап, жақын қарым-қатынас орнатуда. Ай сайын жаңа функциялар іске қосылып, оқырмандар үшін де барлық жағдай жасалынуда. Ал сіз ол мүмкіндіктерді қолдану арқылы 0-де тұрған табысыңызды максималды түрде көтере аласыз. Бұл ертегі емес. Елдің тауып жүрген мыңдаған қаражаты. Сондықтан Инстаграмның жаңару қосымшаларын уақытылы байқап, оны тәжірибе жүзінде қолданып, бизнесті қарқынды жүргізуге болады. Бұрын-соңды байқамаған Инстаграмды дәл қазір қайта ашып, пайдалы іске жаратыңыз. Уақыт өте келе адан ақша жасағанмен бірдей кейіпке енесіз.


Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *