Хэйтермен күрес немесе негативті жоюдың амалы

Табысты, жетістікке жеткен тұлғаның өміріне қызығатын адамдар көп. Сондықтан әлеуметтік желіде қарапайым халық атақты әрі табысы мол адамды үзбей оқиды. Алайда, оқырманның бәрі жақсы емес. Жалпы адамзаттың өзі бақытты, өз өміріне риза, жақсы жандар болып келсе, екінші бірі барды көреалмайтын қызғаншақ, ашушаң, әлсіз, жолы болмайтындар. Осы соңғы типтегі адамдар әлеуметтік желіде табысты кәсіпкердің жеке басына лағынет айтып, жамандап, өз бойларындағы негативті шашып, коментарийге адам санасына кіріп шықпайтын жаман сөздер жазады. Ал мұндай хэйтерлермен қалай күресу керек?

Жазылған жаман пікірлер сіздің атыңызға кір келтіріп, қоғамдағы дәрежеңізді түсіріп, ақ болсаңыз да, қара күйе жағады. Оларға игнор жасасаңыз да, кейде күреспесең болмайды.

Есіңізде болсын, өзі бақытты, дені сау адам біреудің сыртынан жамандап, ауыр сөздер жазбайды.  Өмірі қызықты, жеңіс пен табысқа толы адам өзге біреудің өміріне қызықпас түгілі, ойлауға шамасы келмейді.

Ал лағынет айтып, жаман сөздерімен әлеуметтік желіде ұрысып отыратын адамның жағдайы тым қиын деген сөз. Себебі оның орнына ол әке-шешесіне хабараласып, жаттығу залына барып, баласына қарап, кітап оқып, жұмыс істесе игі еді.

Бірінші кеңесіміз, жеке басыңызға жазылған жаман сөзге “рақмет” деп жауап қайтарыңыз. Ол моральдық және психологиялық тұрғыда сізге жағымды әсерін әкеледі.

«Алғыс» техникасы 

Мәселен, «өзі бақыты әйел немесе ана» бала-шағасына арнауы тиіс алтын уақытын  қиып, сіздің постыңызға жақсы тілек жазып қалдырады. Осындай адамға «алғыс» айтуға міндеттісіз бе? Әрине, міндеттісіз. «Уақыт бөлгеніңізге көп рақмет, мен үшін сіздің ойыңыз қымбат» деп жауап қайтарыңыз.

Хэйтерлер сізге «жындысың», «ақымақ»    деген сөздер жазады. Оларға да рақмет айтыңыз. Себебі хэйтерлердің жаман пікірі, өсегі сіздің танымал етеді. Соңында олардың әрекеті сізге жақсы болып келгеніне шыдай алмай, өздері ашуланады. Егер ашулы оқырман «ата-анаңның тәрбиесін көрмеген” деп жазса, ашуланбай, оларға рақмет айтып, бірден әке-шешеңізге қоңырау шалыңыз. Хэйтердің арқасында жанұяңызды есіңізге алдыңыз

Осы әдісті жиі қолданыңыз. Жамандықты жақсылыққа асыра білген адам түптің түбінде жетістікке жетеді.

      Әлеуметтік желіде хэйтерден құтылатын тағы бір жол бар. Мысалы, сізге бір оқырманды жек көрсеңіз, онда бірден блокка салсаңыз болады. Ол оқырман сізге ешқашан пікір жаза алмайды және парақшаңызды көрмейді.

      «Келісу» техникасы

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан адаммен келісе салыңыз. Немесе, оларды тоқтату үшін екінші тараптың сөзіне бас ауыртпайтыныңызды білдіріңіз. Қазір көптеген жұлдыздар Инстаграмда осы техниканы қолданады.  Мысалы, сізге «нашар анасың, тіпті, балаңа көңіл бөлмек түгілі тамақ бере алмайсың» десе, сіз «иә, мен жаман анамын, баламды балабақшаға апармаймын, масқара ма?» деп жауап қайтарыңыз.

Яғни, құйтырқы сөзге қисық сөзбен әзілге айналдырып жауап беруге болады. Сонда сізді сүйіп оқитын оқырмандар қолдап, негативтен жақсы құтылып кетесіз.

      «Вау» техникасы

Сіздің тарапыңызға жазылған жаман пікірге «Вау, мұны бұрын білмеппін” деп немесе “Ой, рақмет! Менің өзімнің ақымақ екенімді білмеппін” деп жауап қайтарыңыз. Сонда ғана адамдар сіздің кім екеніңізді түсіне бастайды.

     «Жарияға жар салу» техникасы

Инстаграмда жекеге (директке) жазған адамның пікірін алып, бүкіл халық көзінше жариялау керек. Сонда жазған адам өзі сөзіне ұялып, екінші мәрте жазбайтындай болады. Басқа оқырман оның сөзінің теріс екендігін, қателігін жазып, жан-жақтан хэйтерге жабылады. Бұл да аудиторияның мәдениеттілігі мен жақсара түсуіне септігін тигізеді.

   «Психиатр» техникасы

Өз парақшаңызда психолог болыңыз. Мазаңызды алған адамды басында проблемасы бар науқас деп қараңыз. Сәйкесінше психолог ретінде сұрақ қойып, ақылгөйсіңіз.

Есіңізде болсын! Блогер болу шығармашылықтан да, жұмыстан да маңызды. Себебі әлеуметтік желідегі блогерлік ол өмірдің стилі, заманның ағымы, жаңа көзқарас пен жаңалықтың жаршысы. Үнемі ізденісте болу және еңбек етсе, арманның орындалатындығын халыққа дәлелдеу блогердің қолынан келеді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *