Халықтың табысы көбеюде

Алматы. 13 наурыз. biznesbastau.kz – 2019 жылғы қаңтарда Қазақстан халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 94 975  теңгені құрады, – деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10,5%-ке көбейген.

Ағымдағы жылдың қаңтарында халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 70,9%, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыстар – 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар – 16,8% және өзге де ақшалай табыстар 1,1%-ті құрады.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *