Елордада 167 бизнес-жоба қолдау тапты

Алматы. 12 ақпан. biznesbastau.kz – Астана әкімдігінде жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау бағыттары туралы айтылды, – деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларымен бірге бес жергілікті бағдарлама жүзеге асырылуда.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, «Астана Бизнес», «Astana ZhasStart», «Astana StartUp», «Astana Service», «Astana Retail» жобалары болмақ.

Оларды іске асыру басталғаннан бері 167 жоба жылдам қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша . 1 090 жоба қолдау көрсетіліп, жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында “Еңбек” 65 жоба қаржыландырылды.

«Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерімен бүгінгі таңда қолда бар 9 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 6 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды», – деп атап өтті ведомстводан.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *