Дағдарыстан аман қалудың жолы: Кінәліні емес, мүмкіндікті іздеңіз

Кез келген компания ерте ме кешпе дағдарыс күйін басынан кешеді. Қиын сәттерді «өмір бітті» деген мағынамен қабыл алудың қажеті жоқ. Себебі жүгірісті тоқтату, арадағы тыныштық сіздің қай бағытта, қалай жұмыс істеп жатқаныңызды анықтап береді. Ал мұндай сәттерді бизнестегі көшбасшылар дұрыс жаққа қолданып үлгереді. Сонымен дағдарыста кәсіпті жүргізудің дұрыс жолын бірге анықтайық.

Көзіңізге елестетіп көріңізші. Сіздің компанияңыз тірі ағза болсын делік. Ол күн сайын өсіп, дамиды да, арасында ауырып, дертке шалдығады. Сол сияқты кәсіп жолында дағдарыстан да қашып құтыла алмайсың. Ол өмірлік ағынның ажырамас бөлігі іспеттес. Адам өмірі жеңістер мен құлдыраудан тұратыны тәрізді компания дамуында да қиындықтар кездеседі. Сондықтан кез келген ұйым алғашқы кризистің белгісін байқап, дер кезінде тығырықтан шығудың жолын қарастыру қажет-ақ.

Алдымен, дағдарыстың түрлерін біліп алайық:

Өтімділік дағдарысы.

Компания өзінің төлем қабілеттілігін жоғалтады және толық сәтсіздікке ұшырайды. Компанияны қайта жандандыру үшін шұғыл шаралар қажет.

Сәтті дағдарыс.
Жұмыстың ойдағыдай болмай жатқандығын алдына ала сезесіз. Мәселен, сатылым мен кіріс төмендеп, түскен пайданың аздығы біліне бастайды. Мұндайда бірден тақырға отырудың алдын алып, жоспарлы әрекетке көшу қажет.

Дағдарыс стартегиясы.
• Компанияда іскерлік бизнес-иммунитет әлсірей бастайды.  Компанияның позициясы қанағаттанарлықтай көрінсе де, алайда,  алға қарай даму бәсеңдеп, бәсекеге сай ұйым бола алмайды.

Кеңес: Бәрі ойдан басталады. Сондықтан мәселе туындаса, барынша «дағдарыс» деген сөзді «маңызды жағдай», немесе «жаңа мүмкіндік» деп өзгертуге тырысыңыз. Ең қиын деген сәттің де өз жақсылығы болады. Тек сеніңіз.

Әрекет ету уақыты келді!

Ең қарапайым және пайдаға асатын қадам- бос отырмай, әрекет жасау. Құрдымға кетіп бара жатқан компанияға қарап отырмай, оны жарыққа алып  шығудың тәсілін ойлап табу қажет. Жылдам әрі нәтижеге бағыттайтын іс дағдарысқа жол бермейді. Бұрын нарықты зерттеп, сыртқы бәсекелестермен жарысып, ұйымның сыртқы жұмысын істесеңіз, енді, компанияның ішкі асханасынан басталатын мәселені шешудің сәті туындайды.

Қызметкерлеріңізге бәс тігіңіз, сенім артыңыз
Бөлім басшыларымен ғана емес, қарапайым мамандармен де байланыс орнатыңыз, сөйлесіңіз, тығыз қарым-қатыныс орнатыңыз. Себебі олар бірегей идеялармен ұсынбаса да, дағдарыстан шығудың жолын, қайда қозғалу керектігін айтуы мүмкін.

  • Жарнаманы тастамаңыз
    Басшының көп жағдайда жіберетін қателігі компанияның басына күн туған қиын сәттерде жарнамаға қаржы бөлмей, тоқтатып тастайды. Ал мұндай саясаттың арты неге апаратынын сіз де іштей ұғынып отырған боларсыз? Әрине, сіздің ұйымыңызды ел естен шығарады, ал клиенттеріңіз өзге бәсекелес компанияға кетеді. Сондықтан барынша жарнаманы үзбей, максималды түрде әсерлі жұмыс істеуге тырысыңыз.
  • Ақша тарту жолын қарастырыңыз
  • Компания қайта аяқтан тұрып кету үшін жылжымайтынн мүлік тауып, қосымша қаражат тартыңыз. Себебі қолма қол қаражатты қарызға алып, аз уақытта төлей алмағаннан гөрі, өз дүниеңізді жалға қойып, ақырындап кризистен шығудың жолын іздестірген жөн.

P. S. Нақты дағдарыстан шығудың ережесі жоқ. Ол әр компанияның өз жағдайына байланысты әрекет етеді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей,алдын ала жоспарлап, дағдарыстың алдын алу шараларын істеп, кәсіпті дамытудың көзін табу керек.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *