Жаңалықтар

Табыс табуға келген 4 Тәжікстан азаматы Қазақстанда қайтыс болды

Алматы. 19 сәуір. biznesbastau.kz- Ақмола облысының Жарқайың ауданының Державинск қаласында жеміс-көкеніс шаруашылығы нда жұмыс істейтін төрт жұмыскер газдан уланып қайтыс болған, төртеуі де- Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттігі. Ақпар берушінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 сәуірде болған. Қайтыс болған тәжістандықтар жекеменшік үйдің жертөлесіне түскен кезде улы заттан уланған. Улы заттың не екені әзірге белгісіз, метан деп…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    122

19 сәуірге арналған металл, мұнай және теңге бағамдары

Алматы. 19 сәуір. biznesbastau.kz-  Мұнай: АҚШ-тың қорларының азаюы мен АҚШ-тың Венесуэла мен Иранға қарсы қолданыстағы санкциялары аясында мұнай бағасы біршама көтерілді, деп хабарлайды investing.com. Солтүстіктегі Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы 0,02% -ға көтеріліп, барреліне 71,66 долларды құрады, WTI фьючерстерінің бағасы 0,22% төмендеді де , барреліне 63,62 долларды құрады. Метал: алтынның бағасы біршама өзгерді, ал…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    16

Мәжіліс: Қазақстан мен Қытай келісімін бекітті

Алматы. 19 сәуір. biznesbastau.kz-«Мәжіліс Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ мен Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады. Келісім өзара сауда-саттықты жақсартуға мүмкіндік береді»,- деп хабарлайды Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығының тілшісі. «Келісім кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды. Ішкі нарықты қорғау және субсидияларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану туралы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Электрондық коммерция саласында…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    38

Google дұрыс жұмыс істемеуде

Бейсенбіге қараған түні Google іздеу жұмысында және Gmail пошта қызметінде ірі ақау пайда болды, — деп хабарлайды РИА Новости.  Бұл ақпаратты танымал интернет-ресурстарында ақаулар мен істен шығуды зерттейтін Downdetector сайты да растады..  Көбіне америкалық қолданушылар шағымданған, олар сайтқа кіріп, жеке аккаунтына кіру кезінде қиындықтар болғанын жазған.  Сондай-ақ, Аустралия, Жапония, Ресей, Украина және Ұлыбританияда осы қиындықтар байқалған.  

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    16

Brent мұнай бағасы 71,67 долларды құрады

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 18 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 8:10-дағы бағасы 0,05 долларға (0,07%) көтеріліп, баррелі 71,67 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан. Лондон және Нью-Йорк биржаларында мамырдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,03 долларға (0,05%) қымбаттап, барреліне 63,79 долларды құрады.

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    4

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады

Елдегі инфляция тамақ құнының айтарлықтай өсуінен байқалуда. Ағымдағы жылдың наурыз айында инфляция 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда 4,8% жоғары. Сонымен бірге, азық-түлік тауарларының бағасы бірден 6,7% -ға өсті. Ал өзге нан өнімдері 6%-ға қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz агенттігі хабарлады. Бірінші тоқсанда азық-түлік бағасы 6,4% -ға өсіп, жалпы инфляция деңгейі 5% құрады. Салыстыру үшін: 2017 жылы инфляция…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    21

Kazakh Tourism-ге жаңа басшы келді

Бисақаев Өркен Серікқалиұлы «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Бисақаев Өркен 1977 жылғы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Экономика және менеджмент, инженер-экономист),…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    12

Валюта бағамының екі бірдей сессиясы қорытындыланды

17 сәуірде доллардың орташа бағамы 379,36 теңге болды. 16 сәуірдегі қорытындымен салыстырғанда (379,96) ұлттық валюта бағамы 0,16% (0,60 теңгеге) нығайды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлімдеді.   

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    3

Ақтау теңіз портынан Баку портына алғаш рет кеме жөнелтілді

2019 жылдың 16 сәуірінде Ақтау теңіз портынан Баку портына контейнерлер тиелген алғашқы қазақстандық «Түркістан» фидерлік кемесі жөнелтілді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. Фидерлік тасымал кезінде екі толыққұрамды контейнерлік пойыздың жүктерін бір кемеге тиеуді қамтамасыз ететін, 225 жиырмафуттық контейнер сиятын кемелер пайдаланылады. Қытайдан Еуропаға шоғырландырылған транзиттік тауарлар контейнерлерде қазақстандық экспорттық жүктермен қатар жеделдетілген режимде тасымалданатын болады….

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    4

Бүгін ұлттық валюта бағамы 380 теңгеден асты

Алматы. 16 сәуір. biznesbastau.kz-16 сәуірде доллардың орташа бағамы 380,06 теңге болды. 15 сәуірдегі қорытындымен салыстырғанда (379,47) ұлттық валюта бағамы 0,50 теңгеге әлсіреді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.  Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды.  

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    1