Ақша әкелетін наным-сенімдер. Шынайы не жалған?

Студияда Билл Гейтс және Марк Цукерберг отырыпты, журналист: «Сіздер қалайша бай болдыңыздар?» деп сұрайды. Гейтс былай дейді: «Мен ешқашан үйде сықырмадым», Цукерберг: «Ал, мен қоқысты қараңғы батқанда шығармадым» депті. Бұл анекдот интернетте бірнеше жыл адамдардың жүзін күлкіге толтырады. Дегенмен,  наным-сенімдерге сенген кезде байлық келеді ме?

Ақшамен байланысы бар көптеген ұғымдар мен нанымдар бар, оған қоса байлықты тартатың әр түрлі кәдесыйлар да сатылады.  Нанымдар болса сан алуан түрлі жасауға болмайтың әрекеттерге толы, ата-апаларымыз кішкентай кезден бері көптеген белгілі наным-сенімдерді айтып келеді: үйде сықыруға болмайды, кешке қоқыс шығармауға, үстелге ақша салмауды, кешке ақшаны қолмен бермейді,  оны үстелге қойып беру, шын мәнісінде абсурдтық сенімдер де жеткілікті. Сондай-ақ біз ғаламтордан іздеп көрген кезде, көптеген нанымдар шықты:

  • Табалдырықтан ақша алмау.
  • Үйден есік жауып шыққан кезде, қайтып кірген кезде, қаржылық жағынан сәттілік жоғалады.
  • Егер сіз үлкен соманы тапсаңыз, онда досыңызға біраз бөлігіне сыйлық сатып алыңыз. Бұл салыстырмалы немесе екінші жартысы болмауы керек. Әйтпесе, табылғаннан көп жоғалту қаупі бар.
  • Жерден тиындарды көтермеу — біреу садақа етіп тыстаған ақшадан қиыншылық келеді.
  • Ұйықтайтын кезде, әмиянды үстелге қалдырмау.
  • Үлкен ақшалай қаражат күн жарығынан шықпайтын жерлерде жақсы сақталады.
  • Әмияныңызды ешқашан бос қалдырмаңыз — ол әрқашан кем дегенде бір теңгеге толы болу керек. Олай болмаған жағдайда, сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды жоғалтасыз.
  • Жаңбыр жауып жатса, қаржы тарту үшін терезе үстіне тиын қоюыңыз керек.
  • Ақшалай сәттілік үшін қызыл әмиян.
  • Ешқашан жұмадан жексенбіге дейін қарызды қайтармайды.
  • Дүйсенбіде қарыз берілмейді.
  • Үйде екі немесе одан да көп сыпырғыш болса, бақытсыздыққа әкеледі.
  • Үйге кірген құрт-құмырсқаларды өлтірмеңіз. Олар жақсылық әкеледі.
  • Сізде қанша ақша бар екенін көрсетпеңіз, басқаларға айтпаңыз.

Басқа нанымның түрі ол тасбақа, ақша ағашы, ат және қытайдың ақша тартатың Хоттей атасымен кәдесыйларды сатып алу. Сол заттарға сеніп жатқан кәсіпкерлер, сол зауыттың бастығың ең басты бай қылып жатыр. Қалай болса да сену керек па бұнын бәріне жоқ па?

Психологтардың айтуынша, әрқайсымыз өзіміз ғана шешеміз, байлық бізге келсін ба, жоқ па. Алдымен, сіз қаншалықты тырысып жатқаныңызды дәл анықтауыңыз керек, содан кейін ақшаныз болған жағдайда оны қалай құртып жатқаныңызды елестетіңіз. Егер сіз ойынызға елестете  алмасаңыз, онда сіз миллиондаған ақшаға әлі дайын емес екеніңізді білдіреді. 

Бірде, физик Нильс Бордың зертханасының есігінде шегеленген тағаны көргенде, журналисттер оған: «Сізге осы таға сәттілік әкелетініне шынымен сенесіз бе?» — деп сұрады. — Әрине, сенімді емеспін, — деп жауап берді ғалым, — бірақ менің ойымша, сенемін бе, жоқ па, олар бәрібір бір жұмысын істейтің сияқты! Мүмкін сіз де физикпен келісуіңіз керек: сіз сенесіз, сенбейсіз, бірақ ол сізге бай болатыныңызға шабыт берсе, неге істеп көрмеске? Дегенмен, алыс уақыттан бері келе жатқан наным-сенімдер, ертегілер, аңыздар мен әдет-ғұрыптармен қатар, біздің өмірімізді әдемілеп, күнделікті өмірімізге әртүрлі ғажайып қосатын кішкентай құпиялар көп болуы мүмкін. Қалай болса да бұл нанымдар істеуі де бір талай, тек үлкен талпыныс пен іштегі сенім арқылы үлкен белестерге жетуге, жұмыс істейтіндерге ақша келетінің естен шығармау керек.

Ақша әкелетін наным-сенімдер. Шынайы не жалған?: 1 комментарий

  1. Гульбарам:

    Тек Аллага сыйнып сурау керек

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *