Бизнес жоспарда жол берілмейтін 10 қателік

Бизнеспен айналысқан жақсы. Алайда, оны жүзеге асыру жолы қиын әрі қателіктерден тұрады. Олай болса, бизнес жоспарда жол берілмейтін 10 қателікпен танысып, жадыңызда ұстағаныңыз жөн.

  1. Бизнес жоспардағы өнім мен қызмет түріне сипаттама жазғанда ақпарат көлемінің көптігіне аса мән бермеңіз. Себебі ол үлкен қателіктің бірі болып саналады. Қабылдаушы инвестор сіз ұсынып отырған идеяны жоспардың алғашқы парағынан түсіне алмаса, қалған саны көп беттердің қажеті шамалы. Сондықтан бизнес жоспарыңыз қысқа әрі нұсқа етіп құрастырыңыз.
  2. Сіз басқаратын топ мүшелері кәсіптегі ақпараттардан хабардар болмауы тағы бір қателік. Сонымен қатар инвесторлар сіз бірігіп жұмыс істейтін қызметкерлермен сөйлескенді дұрыс көреді. Олар қызметкер жайлы аналитикалық жазбаға толық сенім артпайды, керісінше өмір жолына баса назар аударады. Өйткені инвесторлар қаржыны алдымен бизнес жоспарға емес, адамдардың қызметіне жұмсайтындығын жақсы біледі. Сондықтан қызметкерлеріңізге шынайы әрі әділ сипаттама беруге тырысыңыз.
  3. «Бәсекелестік жоқ», «теңдесі жоқ өнім (қызмет)», «үлкен нарық», «іске асырудың қарапайымдылығы» сияқты фразалар. Мұндай сөздерді қолдану реті шындыққа қарсы. Қоғамдағы барлық әрекет бәсекелестіксіз іске аспайтыны анық.
  4. Сіздің жоспарыңызды кез-келген адам, кез-келген уақытта және кез-келген бағаға сатып алады деген ой қате. Сенімді, келісілген жорамалға ғана арқа сүйегеніңіз абзал.
  5. Басқарма басшы жайлы жалған ақпарат беру қателік. Қашанда шынайы болыңыз.
  6. Бизнесте берілген уәдеге берік болмау қателік. Көпке ұзатпай нақты жауап қайтаруды әдетке айналдырыңыз.
  7. Бизнес жоспарға арналған 1 жылдық болжам дайындау қателік. Керісінше жоспарыңыз тез арада іске асуы үшін инвесторға дайын 3 ай сайын есеп берілетін жобаны ұсыныңыз. Онда қалай және қанша уақытта жұмсалған қаржыны еселеп түсіретін уақытты айқындап көрсетіңіз. Себебі инвесторға сіздің тапқан табысыңыз емес, салынған инвестицияның қайтарылымы маңызды.
  8. Нақты жоспары жоқ құрылымның нарыққа ұсынылуы қателік. Егер сіз ұсынатын өнімнің сапасы, сатылымы, сұранысқа ие болуы мен баға көрсеткіші сынды маңызды бағамдарды білмесеңіз, ісіңіз керіге кеткені.
  9. Операциялық шығын болжамы. Тауарды өзіңізше жасап шығарып, жеке сатылымға шығару барысында қосымша, үнемі немесе белгілі бір уақыт аралығында жұмсайтын қаржыны алдын ала әзірлеп алуыңыз қажет.

10. Бизнесте үнемі жоғарыда боламын деген пікір қате. Себебі бұл өмір ертегі емес, нағыз бәсеке заманы. Әсіресе, кәсіпкерлік бағыттың шыңына жеткізуші әрі оны тұрақты ұстап тұрушы J жүйесімен жұмыс істеу мүмкін емес.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *