Балалар франшизасы – қызықты және қолжетімді бизнес

Біздің елімізде «фрнашиза» ұғымы танымал болып келе жатыр. Мұндай үрдіс таңқалдырмайды, нақ франшиза тәрізді қызмет түрінің арқасында жеке істі бастаған жеңілдеу  болады. Бірақ медальдің сыртқы жағы да бар – сіздің франшизаңыз бірегей және қызықты болуы тиіс.

Бәлкім, франчайзингтің ең қиын, бірақ сонымен қатар  болашағы бар тобының бірі – балалардың тауарлары мен қызметтерінің нарығы. Және сіз дәл осы салада өзіңіздің жеке бизнесіңізді бастау жөнінде шынымен де ойланып жүрсеңіз, сізге осы саланың барлық аспектілерін толық зерттеп шығу қажет.

Балалар тауарлары мен қызметтері саласы айтарлықтай кең, сондықтан бастаушы кәсіпкердің алдында біршама көп мүмкіндіктер ашылады. Ең бірінші сіздің ойыңызға келетін бірінші нұсқа – балалар киімі немесе ойыншықтарының франшизасы. Ия, шынында, балалар дүкенінің франшизасы өте өзекті болып табылады және бұл салада жауапты франчайзерді табу онша қиын емес. Бірақ балалар киімі де, ойыншықтары да қазіргі нарықта кең таралған тауар, сондықтан сіз франшизаны жүргізудің басынан–ақ, сізді үлкен бәсекелестік күтіп тұрғанына дайын болуыңыз керек. Сондықтан сіздің мақсатыңыз – балалар ойыншығы мен бөбектерге арналған басқа тауарлардың франшизасы болса, сіз бастапқыда өте көп және ынтамен жұмыс істеу керектігін жете түсінуіңіз қажет.

Бірақ, барлығы бастапқыда көрінгендей қиын емес. Егер сізге қандай-да бір себептермен  балалар франшизасы ұнамаса, бірақ сіз осы салада жұмыс істеуді армандасаңыз, сіздің алдыңызда әлі де көптеген мүмкіндіктер бар. Сірә, жұмысты бастау үшін ең болашақты нұсқалардың бірі – ол балаларды дамыту орталықтарының франшизасына жататын балалар әлемінің өзгеше салалары.

Бизнесті жүргізудің жалпы ережелеріне қарамастан, франшизаның сатып алушысы ретінде сізде шығармашылық үшін зор кеңістіктің болуы —  франчайзингтің артықшылығы болып табылады. Бұл балалардың даму орталығының осы франшизасының осыншалықты танымалдылығы мен табыстылығының негізгі себебі.

Балаларды дамыту – стандартты емес ойлауға қабілетті барлық тұлғалар үшін өте үлкен тауаша. Себебі ең кішкентайлардың тілдерін табудың әдісі тек жасампаз  және өзгеше болып қалмауы тиіс. Балалармен жұмыс істеу  үнемі дамуға көмектеседі, себебі жас аудиторияны қызықтыру – оңай шаруа болып табылмайды. Франшизаның осындай түрімен жұмыс істеп, сіз кез келген бәсекелестікті жеңу үшін өзіңіздің жеке идеяларыңызды іске асыра аласыз. Ғимаратты, қызметкерлерді және көмекшілерді табу – бұл  франчайзингтегі ең жеңіл кезең.  Сіздің бизнесіңіз қаншалықты табысты болатыны, ең алдымен сізге байланысты, бұл әсіресе балалар франшизасы мысалынан көрінеді.

Өз мүмкіндіктерімен сізді қызықтыруы мүмкін тағы бір сала – жеке балабақша франшизасы.  Мұндай бизнесті жүргізу үшін сізге назарды ата-аналармен жұмысқа бөлу қажет, себебі олар сіздің әлеуетті клиенттеріңіз болып табылады. Балалар орталығының франшизасы сізден аса шығармашылық  тәсілдемені қажет етеді, ал балабақшамен жұмыс істеу  сізден егжей-тегжейлі және байыпты қатынасты талап етеді. Мұнда әрбір ұсақ-түйек маңызды болады, себебі ата-аналар – ең қатал сыншылар. Осы  тақырып бойынша франчайзинг шартын жасасып, сіз келесі аспектілерге өте зерделі болуыңыз қажет: орынды таңдау және қызметкерлерді таңдау. Әлеуетті алушылар алдындағы сіздің тартымдылығыңыз нақ осы көрсеткіштерге байланысты болады.

Егер сізді мүлде стандартты емес шешімдер қызықтыратын болса, онда сіз назарыңызды жаңа бір нәрсені құруға бағыттағаныңыз жөн. Мысалы, 2009 жылы Байрон Риз деген адам, балаларға Сантаның өзінен хаттарды әкелетін пошташының қызметін ұсынды. Ия дәл солай, Солтүстік Полюстің өзінен, барлық тиісті мөртабандары мен маркалары бар хаттарды. Бірінші жылдың өзінде ол жүз мың доллар табысқа ие болды.

Өзіңіз көріп тұрғандай, идея өте қарапайым, және Байронның тарапынан қажетті болған нәрсе – жұмыс істеуге деген ынта мен ықылас!  Және сізді балалардың ойын алаңы қызықтырады ма, әлде сіз франшизаны өз бетіңізше қаптауға дайынсыз ба, бұл маңызды емес, бастысы, өз фантазияңызға ерік беріңіз. Балалар франшизасы өте қызықты, өзекті және өздігінен жемісті – егер сіз біршама жұмыс істеуге дайын болсаңыз, сізді жүз пайызды жетістік күтіп тұр.

business.gov.kz

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *