Байлық пен кедейлік психологиясы

Ақшаны көп табу, табысты болу жұмыстың барына емес, көп жағдайда адам психологиясына, ойлау деңгейіне байланысты болып келеді. Өйткені кедейлікке ұшығараған адамдардың 90 пайызы керағар ойының әсерінен душар болған.

Адамның ойы ұлы күш. Олай болса, байлық пен кедейлікке апаратын адам психологиясы жайлы тақырыпты қозғайтын боламыз.

Ойыңызға не кедергі?

«Кедейлік» жайлы әңгіме қозғалса, көз алдымызға қаржылай шектеуді емес, оның көшедегі жағдайы немесе табысына кедергі келтіретін әрекетті елестетеміз.

Өйткені жарлы кейіпке табысты кәсіпкер де, декретте отырған фрилансер ана да ұшырауы ықтимал. Ең сорақысы қайсыбір адам үшін «кедейлік» өмірлік бағдарламаға айналып кетсе ол құрдымға кетті деген сөз.

Бодо Шефердің «Қаржы еркіндігіне апарар жол» (Путь к финансовой независимости)  атты кітабында «кедейліктің кесірлі себебі» жайлы әдемі көрініс беріледі.

«Оның бір алыс танысы қызының қалтасына 10 марк ақша салады да, қаланың ең бейшара ауданына алып барады. Ол ауданда күнде айғай, жанжал, төбелес. Көшеде жатқан кедейлерге қарап жаны ашыған қызына әкесі қарап:

“БҰЛ ЖЕРДЕ ӨМІР БОЙЫ 10 МАРК ЖАРАТҚАН АДАМДАР ӨМІР СҮРЕДІ”, дейді.

Кәсіби психологтардың зерттеуінше, кенеттен лоторея ұтысын жеңіп алған немесе байлықтың мұрагері атанған адамдар уақыт өте келе қайта кедей қалпына келеді екен. Сондықтан мәселе ақшада емес, адамның ойлау деңгейінде. Нақтырақ айтқанда, ақшаға қарым-қатынасында, уақытты дұрыс пайдалана білуінде және жауапкершілігі мен мақсатына байланысты.

Олай болса, бай адамдардың ойлау қабілетін, өзін өзі ұстауын, мінез-құлқын зерттейік.

Ақшаға деген қарым-қатынас

Кедейлер ақшаны оңды-солды шашып, ойланбастан шешім қабылдап, эмоцияға салады. Мәселен, соңғы модельдегі ұялы телефонды, бренд кроссовкиді көріп, көрсе қызарлыққа салынып, несиеге алады.

Аса қажет емес заттарға бақылаусыз ақша шығару үлкен мәселеге алып келеді.

“Кедейлер” ақшаны көбейтуге болатын кіріс деп қарамайды, тек жұмсауға тұрарлық зат ретінде көреді. Олар үшін өмір сүретін бір күндік құрал ғана. Олар ақша жоқ кезде экономдап, ақша пайда бола салысымен оңды-солды шашады.

Халық арасында таралған жақсы сөз бар:

Арзан заттарды қайта-қайта сатып ала беретін біз асып түсер бай емеспіз.

Естігенде құлаққа түрпідей тигенімен мағынасы астарлы әрі терең. Яғни, кедей халқы сапасы нашар, арзан заттарды жиі сатып алады.  Алайда ол заттарды көпке дейін қолдана алмай, жарамсыз болып қалады. Осы тұста қазақта «арзанның сорпасы татымас» деген мақалдың мәні сәйкес келеді.
Ал байлар қымбат бағаға сапалы затты сатып алады да, бір ғасырға жетерлік уақыт қолданады. Таңғаларлық көрінсе де, бұл ақшаға деген дұрыс көзқарас, экономия.

«Байлар» зат сатып аларда жоспар құрып, шығынды аз шығарып, көп ақша табудың көзін тауып, инвестиция жасауды қолға алып жүреді. «Байлар» белгілі бір экономды ережемен өмір сүреді және оны ұят көрмейді.

Жауапкершілік

Кез келген сәтсіздікке ұшыраған адам себепті сырттан іздемей, өз бойынан іздеуі шарт. Өйткені кінә кімде емес, барлық жағдайда неде деген сауалдан тұрады. Өйткені өткенінен, кеткенінен, бала шағынан, айналасындағы адамдардан кінәні іздейтін адамдардың өмірінде ешбір жақсы жаңалық болмайды.

Кім жетістікке жетсе, демек ішкі жан дүниесі мен жауапкерлігімен жұмыс істеген адам.

Сонымен қатар адамдардың бәрі есеюге қорқып, жасқаншақтап, бетбе-бет келетін тайм-менеджменттен қашып жүреді. Қажеті жоқ әрекет! Төсектің үстінде сериял көріп, ойын ойнағаннан адам тозады. Одан да жылдам есеюге тырысып, жылдам жетістікке жетіп, жүзі жарық, жақсы жағдайда өмір сүруге ештеңе жетпейді.

Уақыт үлестірімі

Жоғары лауазымды бастықтар жанындағы әріптестеріне қарағанда сауалдарға жылдам жауап беретінін жиі байқайтын боларсыздар. Себебі олар өз ісіне, уақыттарына жауапты. Ал қол астындағы жұмыскерлер ісіне көңілі толмай, елді балағаттаумен, әңгіме айтумен уақытын босқа өткізеді.

Ал табысқа жететін адам жүйелі 7 сағат ұйқысымен, жоспарлы жұмыс уақытымен, әр минутын маңызды іске жұмсайтындығымен ерекшеленеді және жылдам табысқа жетеді.

Мақсат

«Кедейлер» ұзақ уақытты жоспар қоймақ түгілі, өмірлік мақсат қоймайды. Яғни, мақсатты арманмен шатастыратын жандар десек  артық емес. Ұйқы мен бір күндік өмірден шармайды. Алайда, ел қатарлы өмір сүруді қиялдап қана қояды.

«Бай адам» белсенді ойланып, әр күнін үлкен мүмкіндік ретінде көріп, мақсатына жетуге талпынады. Олар 1апталық, 1айлық, 1 жылдық жоспарлармен өмір сүреді. Нақты жетістікке жоспармен жетеді.

Таптаурынды ойды өзгерт

Адам өз әлемінде ішкі және сыртқы  байланыс орнату қажет. Ішкі дүниеге әдет, өзін-өзін ұстауы, ой қорытынды жатса, сыртыға әрекетті нәтижені жатқызамыз. Яғни, адам керағар ойдан арылып, жақсы ой ойлап, алға жылжып, іспен нәтижеге жетуге миды өзгерту керек.

Сондай-ақ, өзіңізді сырттай бақылаңыз. Миыңызға үлкен инсайт, жарылыс алып келетін жоспарлар мен тапсырмалар беріп, тіпті, қиналыңыз. Егер өміріңіздегі өзгерістер қиындықтармен келетін болса да, жолыңыздан таймаған абзал. Өйткені келесі жаңа сатыға көтеріліп жатырсыз деген сөз.

Ақырындап есейіңіз

Қазақтың миына сіңіп қалған «кім кінәлі?» деген сұрақты ұмытыңыз. Бірден мәселе пайда болған жағдайда «не істеу керек?» деген сұрақты негізге ала отырып,

«Талқыламай, «шағымданбай, «арызданбай» түйткілдің ұшын өзіңнен көріп, шешу дұрыс.

Ойлау деңгейіңізді есейтіңіз, өзіңізбен жұмыс жасаңыз.

Жоспар құрыңыз

Ақшаңызды қатаң түрде бақылаңыз. Шығындарыңызды жазып, әр жаратқан ақшаға жауап беру керек. Мәселен, компьютердегі экселге кіріс-шығыс тізімін енгізіңіз. Бірінші бағанға күнделікті азық-түлік, екінші бағанға міндетті қаржы (жолға, үйге, оқуға жұмсалатын ақша) және артық жинақ ақша деп бөліңіз. Әр бағанды күн сайын толтырыңыз.

Егер шектен тыс шопоголик болсаңыз, өзіңізге сұрақ қойыңыз:

— Менің бұл тірлігім шығын ба әлде қаржы салу ма?
— Бұл киіммен бір жылдан кейін не істеймін?
— Бұл затты басқа қандай затпен айырбастай аламын?

деген сұрақтар арқылы артық шығын әкелетін затты сатып алмауға болады.

Міне, осындай миға шабуыл жасайтын, айқын, түсінікті сауал мен мақсатты қою арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізе аласыз. Мәселен, Тайландта бес жұлдызды қонақ үйде демалу, пицца сататын орталық ашып, миллиондаған кіріс табу нұр үстіне нұр болмақ.

Миллионер сияқты жүріңіз

Өзіңізді басқа тұлға ретінде сезінетін артефакт ойлап табыңыз.

Мұндай артефакт біреу үшін қымбат рестораннан таңғы ас ішу болса, енді бір адам үшін ұшақпен ұшу, баласын ең қымбат бала-бақшаға беру болып саналады. Мұндай артефакты қабылдаған ми өзі үшін қимылдап, әрекетке көшіп, көп қаражат табуға талпына бастайды. Сондай-ақ, алып жүрген ай сайынғы 100 000 теңгені ми аз деп санағанда ғана одан да көп ақша табуға тырысады.

Өзіңізге сыйлық жасаңыз

Белгілі бір үлкен жетістікке жеткеннен кейін өзіңізге сыйлық жасап, қуынтыңыз. Бұл ерінбей еңбек еткен ісіңізге қайта дем беріп, миға берілген демалыс, қанаттандыру есебінде саналады.

Алайда, сыйлық қаржы шығаратын заттар емес, дамуыңызға, денсаулығыңызға пайдасын беретін дүниелер болуы шарт. Мысалы, өмірге пайдалы деректі фильм көру, кітап оқу, таза жұтып, жүгіру, футбол ойнауды жатқызамыз.

Жігіттер қауымына уақыты ұйықтаған міндетті болса, ал қыздар үшін ұйықтар алдында инстаграм, телесериал көрмеген жұмыстарының алға басуына әсер етеді. Өйткені жүйелі ұйқы жүйелі жеңістерге жетелейді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *