Ауылдағы миллионер кім?

Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам ауылының қарапайым тұрғыны Азат Құрманбек атадан-балаға берілген түйе бағу кәсібінің мұрагері. Ауылда жүріп, бизнесін дөңгелетіп, миллионер атанған шаруаның кәсібі мен күнделікті өмірі жайлы ақпарат ұсынамыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам ауылының тұрғыны Азат Құрманбек атадан балаға берілген түйе бағу кәсібінің мұрагері. Азат Құрманбек 8 жыл бұрын әкесі қайтыс болған соң, отбасылық кәсіп түрін жалғастырған. Алғашқыда 10 түйесі ғана бар Азат, мемлекеттен несие алу арқылы мал санын 5 есе көбейткен. Түйеден алған сүт өнімін Түркістан қаласындағы қонақ үйлер мен туристерге сатады екен. Кәсібі өрге дөңгелен кәсіпкердің бүгінде бағасы 1 миллионнан асатын 50 түйесі, 15 гектар жері мен 1 үйге иелік етеді.

Ертеден қара кешке дейін ат үстінде жүріп түйе бағатын кәсіпкер күн сайын бала-шағасымен түйе сауып, мал жайғап, шубат сүтін дайындайды. Көп еңбекті қажет ететін түйе өсіру шаруашылығын отбасы мүшелері толықтай меңгерген. «Жыл сайын түрлі ауруларға қарсы екпе салдыртып, мал азығын уақытылы беру сияқты күтімі мол шаруа. Дегенмен, 30-40 жыл өмір сүретін түйе шыдамды, жайылымда жүргенде қасқырларға төтеп беретін жануар. 12 ай бойы буаз болып жүретін түйені туғанша күту қажет. Себебі туылған бота өте әлсіз болып келеді. Сондықтан өсіріп, өндіру қиындық тудыратын бұл кәсіпте күні-түні басы-қасында болуым шарт» -дейді кәсіпкер.

35 қарадан барлығы 400 литр өнімі алынып, күніне әрбір үлкен түйеден 12 литр сүт сауылады. Аумақ бойынша шубаттың орташа бағасы 400 теңге. Бірақ кәсіпкер демалыс орындары мен өз тұтынушыларына 350 теңгеге сатады.

Бұл туралы Азат Құрманбек:

– Менің түйем де, одан сауылатын сүтте көп. Сондықтан өзге сатушылар сияқты сүтке су қосып арзан пайда жасамаймын. Менің өнімдерін сапалы әрі арзан болғандықтан сұраныс өте жоғары және қаржылай өзін-өзі ақтайды.

Бүгінгі таңда шет аймақтар мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келуші қонақтар тарапынан да шұбат сүтіне сұраныс жоғарылаған көрінеді. 8 жыл бұрын 10 ғана түйесі болған кәсіпкер мал санын көбейту мақсатында 2009 жылдан бастап 11 рет несие алып, мемлекеттік банк көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, түйенің жас төлдерін ең кемі 250 мыңнан 750 мың аралығында сатылымға шығарады. Жақсы малды тани білетін Азат жиі түйе сатып алып, кәсіп айналымынан шыққан қаржыны толықтыратын ақшаны табады. Бүгінгі таңда Азат Құрманбеков Отырар ауданында ең танымал түйе кәсібінің иесі ғана емес, агроном. Сүт өнімінен түскен қаржыға 15 гектар жер сатып алып, жүгері мен мал азығына арналған жоңышқа егумен айналысуда. Шаруашы кәсібінің гүлденуіне үлес қосушы 3 ұлы мен 2 қызын және әйеліне алғыс білдіреді.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *