Атырау облысында бизнестің перспективті бағыттары анықталды

Алматы. 10 ақпан. biznesbastau.kz– «Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша кездесу өткізді», — деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік байланыс қызметі.

«Өткен жылы Атырауда өз бизнесін ашқалы жатқан 57 мыңнан астам кәсіпкер тіркелді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 7,3% өскен.

Сондай-ақ, өткен жылы кәсіпкерлер 1,7 триллион теңгенің өнімдері мен қызметтерін өндіргенін айта кеткен жөн.  

Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан да қолдау білдіріліп, «Бизнестің жол картасы 2020» атты жаңа бағдарламасы іске қосылуда.

Бұл бағдарлама іске қосылысымен жергілікті кәсіпкерлердің 1200-ден астам жобасы қолдау тапты. Берілген кредиттердің жалпы сомасы 96,1 млрд. теңгені құрайды», — деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы Айқын Елеусізов.

«Қазіргі уақытта республика бойынша 1 миллионнан астам кәсіпкер бар. Олардың әрқайсысына қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бизнесті жүргізу үшін түрлі тосқауылдардың төмендеуі де байқалады. Мәселен, бизнестің құрылымын тексеру 300 мыңнан 70 мыңға дейін қысқарды.

Осы жұмыстың нәтижесінде облыстың 46 мың кәсіпкерінің тізімі жасалды. Деректер базасы кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, — деді жұмыс тобының жетекшісі Әнуар Керімбаев.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстандағы бизнестің дамуы мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *