«Алтын Адам» Македонияға апарылды

Алматы. 15 шілде. biznesbastau.kz—ҚР Ұлттық музейі Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.   

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстанның символы саналатын «Алтын адам» қойылды.

Ұлттық музей халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын жариялап, шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде өткен көрмелер де үлкен жетістікпен өткен болатын.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *