Ахметбек Нұрсила: Өз ісіңізді қалай табуға болады?

Өз ісіңді табу тақырыбын ары қарай жалғайық. Кез келген істі істегенде сізде не рахат сезімі, не қиналыс сезімі болады. Сол кез келген істердің нәтижесі өзіңізге және басқаларға пайда/зияны әкеледі. Бостан босқа ештеме істелмейді және кез келген істің салдары болады. Жалпы барлық істерді осы философия бойынша 4 түрге бөлуге болады:
⚡️⚡️⚡️
1. Істеу барысында сізге жайлы сезім береді және соңынан өзіңізге де, басқа адамға да, жалпы қоғамға да пайдасы бар. Өзіңіз сүйіп істейтін, сізді дамытатын білім жинау,сүйікті спорт түрімен айналысу, қайырымдылық шаралар істеу. Өзіңізге пайда дегені, сізге мол табыс әкеледі деп ұқсаңыз болады.
⚡️⚡️⚡️
2. Істеу барысында сізге жайсыз сезім береді, бірақ өзіңізге де, басқа адамға да, жалпы қоғамға да пайдасы бар. Жаныңыз қаламаса да, білім жинау, спортпен айналысу, адамдардан кешірім сұрау, өзіңізді дамытатын іс-шаралар жасау. Хайуани болмысың қарсыласады, бірақ адами болмысыңызды қосып жасап дамисыз, осы әдеттерді бойға сіңіре келе, бара-бара жасау жайлы сезім беретін болады.
⚡️⚡️⚡️
3. Істеу барысында сізге жайлы сезім береді, бірақ соңынан өзіңізге де, басқа адамға да, қоғамға да зияны көп. Жаман әдеттер: Құмар ойындар ойнау, уақытты бос өткізу, зиянды тамақтар, сусындар ішу, т.с.с.
⚡️⚡️⚡️
4. Істеу барысында сізге жайсыз сезім береді, соңынан өзіңізге де, басқа адамдарға да, қоғамға да зияны көп. Ұрлық жасау, пара алу, адамдарға зиян әкелетін заттарды сату; Арақ- шарап, зиянды сусындар, зиянды тамақтар сату, кісі тонау, өлтіру, түрлі ойындар ұйымдастыру. Әр адамда ар-ұят бар, бірақ нәпсінің, ақшақұмарлықтың кеселінен оны істеуге мәжбүр.

Сіздің болашақ таңдайтын ісіңіз, Бірінші және екінші түрден болуы тиіс. Тек табыс табамын деп 3-4 түрден таңдайтын болсаңыз, онда ол таңдаған ісіңіз сізге бақыт сыйлай қоймайды. Енді өзіңіздің істеп жүрген ісіңізді не болашақта таңдаймын деген ісіңізді сараптама көріңіз. Егер мен не туралы айтып жатқаным түсінікті болса 1 деп жазыңыз, түсініксіз болса 2 деп жазыңыз. Қолдаймын, дұрыс жазып жатырсың десеңіз ? қойыңыз. Келесі посттарда ойымды ары қарай дамытамын.

Ахметбек Нұрсила: Өз ісіңізді қалай табуға болады?: 1 комментарий

  1. aimirzaeva 74 @mail.ru:

    1

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *