Ахметбек Нұрсила: 100 күндік сынақ «Өзгеріс»

100 күндік сынақ «Өзгеріс» жобасына қатынасушы Ахметбек Нұрсиланың 2019 жыл 1 қаңтарға дейін алдына қойған Мақсат/Жоспарлары.

ДЕНСАУЛЫҚ
1. Арақ, шарап, сыра, газдалған тәтті сусындардан мүлде бас тартамын
2. Өзім жақсы көретін, бірақ зиян екенін білетін тамақтардан: Еттің қамыры, майлы тамақ, нан тамақтарын азайтамын
3. Қолдан жасалған табиғи соктарды: Капустадан, сәбізден жасалған шырындарды, және сұлыдан жасалған сусынды, смузи ішемін
4. Жаңа жылға дейін: Турникке тартылуымды 20-ға, отырып тұруымды 50*4=200-ге, жүгіру қашықтығын 20 шақырымға жеткіземін
5. Салмағымды 80 келіге дейін түсіремін

Себеп, не үшін: Денсаулығым жақсарып, ұзақ, бақытты өмір сүруге мүмкіндік туады
Артефакт:
» Сымбатты дене, фотаға түсіп көрсетемін.
» 20 км жүгіріп, түрникке тартылып, отырып тұрып көрсетемін

БІЛІМ/БІЛІКТІЛІК (Машық)
1. Самғау курсының сабақтарын толықтай жоғары деңгейде дайындап өткіземін
2. Джо Диспензаның кітабын оқып, медитация тәсілдерін меңгеремін
3. Тони Робинсонның марафондағы білімін 100% меңгеріп, жетілдіремін
4. Лоренцо Бойеттің Махаббат гормондары кітабын толық оқып меңгеремін
5. Келли Макгионигалдың Ерік жігер кітабын толық оқып, меңгеремін

Себеп, не үшін: Нейробиология саласын мықты біліп, меңгерсем мыңдаған адамдарға көмектесе аламын

Артефакт:
«Джо Диспензаның , Тонидың, басқа да ғалымдардың тәсілімен депрессияда жүрген адамдарды проблемаларын шешіп көрсетемін

Көңіл күй, Эмоция /Адамдармен қарым қатынасым. Мінезім

1. Реніште жүрген жақын адамдармен, достармен қарым қатынасымды түзеймін
2. Көңіл күйімді үнемі 10 бал деңгейде ұстауды үйренемін
3. Үнемі , тұрақты түрде Күнделік жазуды қалыптастырамын
4. Себепті, себепсіз ашулану әдетімді жеңемін. Мейірбан адам боламын

Себеп, не үшін: Көңіл күйімді басқара алсам, адамдар мені жақсы көретін болады, өз өмірім де жарқын болады

Артефакт:
«Өмір өзі көрсетеді
ТАБЫСЫМ/ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
1. Аламанның шабандоздарының 90% соңына дейін жетіп, 70% программа минимумды орындауына қол жеткіземін программа минимум — Курс ақшасын шығарғандар)
2. Самғаудың сұңқарларының 90% cоңына дейін жетіп, 70 % программа минимумды орындауына қол жеткіземін (программа минимум — Курс ақшасын шығарғандар)
3. Примо мебель компаниясының айлық табысын 2 есе көтеремін
4. Бал қымыз компаниясының айлық табысын 2 есе көтеремін
5. Табысымнан 1000 000 теңге «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАРЫСАЙЫҚ» қорына аударамын

Себеп, не үшін: Табысым көбейген сайын өндіріс отандық өндірісті дамытамын, қайырымдылыққа ақша бөле аламын

Артефакт:
«Қайрымдылық қорына құйған қаржым
«Командаммен жаңа жылда қыстық курортқа барамын

РУХАНИ ДҮНИЕМ

1. Әлиханның 15 томдығын толық оқып шығып, видеовлог жазып бітіремін
2. Алашым ұраным кітабын толық бітіріп, видеоблог жазып бітіремін
3. 100 күндік сынақ/өзгеріс жобасын кемінде 1000 адамның өмірінің өзгертуіне қол жеткіземін
Себеп, не үшін: Арттағыға сөзім мен ісің қалса, өлсең де өлмегенмен боласың тең. Артқа із тастап кеткім келеді. Қазақ елін жаман әдеттерден, қылықтардан құтылуына себепкер болғым келеді

Артефакт: Жаман әдеттерінен айрылған, қоғамның дамуына қызмет еткісі келген 1000 адам жаңа жылда өз есептерін беруге тиіс.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *