Адам+машина. XXI ғасырда зауыттарда кім жұмыс істейді?

Жасанды интелект революциясы алыс емес, бүгінгі дәуірімізге жақындады. Бұл ақпаратты «Адам+машина» атты кітаптың авторы, Accenture компаниясының иегерлері Пол Доэрти мен Джеймс Уилсон растады. Олардың айтуынша, енді бір ширек ғасырда жасанды интелектті қолданбайтын, технологиядан, заман ағымынан жұрдай компаниялар жұмысын тоқтатады-мыс. Бұл туралы әлемдік Forbes басылымы да жарыса жазуда.

Habr

Германияның Дингольфинг аймағында BMW цехында жұмысшы адамдармен бірге роботтар құрылғыларды жинақтайды. Адамның қол күші жеңілдеп, жасанды роботтар жұмыстың көп бөлігін өзіне алған. Олар 5,5 келі ауыр техниканы көтеріп, қажетті орынға қойып, келесі әрекетті орындайды.

Зауытта манипулятор автокөлікті құрастырса, ал, адам бар болғаны көліктің әйнегін салып, оны сүртіп, жеңіл жұмысты атқарады.

Жаһанданған ғасырда жасанды интелект арқылы бизнестің үлкен өзгерісіне, трансформациясына күә боламыз. Бұл айдан анық дәлел. Себебі сағат сайын өзгеріп жатқан жер жаһан жаңа эраға қадам басуда.

Жасанды интеллектке негізделген жүйелер жұмыс процестерін автоматтандырады, тиімді етеді. Бастысы, адам мен машинаның мүлдем жаңа жолмен әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Жұмыс сипаты толықтай өзгеріп, ол бизнесті жүргізудің жаңа технологиясын, персоналды басқаруын қалыптастырады.

Ұзақ жылдар бойы робот адамның басқаруы бойынша белгілі бір жұмысты ғана істеді. Мәселен, ауыр құрылғыны бір орынан екінші орынға қойып, артынан адам кейбір қателіктерді туралаған. Яғни, мұндай роботпен жасалған жұмыс стандартталған өндірістік функция аталды.

Әрине, бұл бастапқыдағы робот қызметі. Уақыт өте келе келесі ұрпақ заманында робот та дамып, адам ақыл-ойының жемісіне айналады. Ең қызығы, роботтың қарқынды дамуы тек өндірісті қана өзгертіп қоймай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұмыс бөлімшесінің жұмыс істеу жүйесінен бастап, маркетинг,сатылым, тұтынушыны қабылдау қызметін де өзгерте білді.

Autodesk-тің дизайнері жаңа, бәсекелестің бәрін шаңында қалдыратын дрон ойлап тапты. Елде жоқ жасанды интелектпен ұшатын дронның қолданысқа пайда болуы,  робот заманының бізге келгеніне дәлел.

Механикадан тірі ағзаға дейін

Жасанды интелект бизнес жұмысты жеңілдетеді дедік. Бірақ, проблема туғызатыны жасырын емес.  Мұндай интелекттің мүмкіндіктері жүйені жиі өзгертіп, адамның ойы, шешім қабылдау, жұмыс істеу, білім алуы, дамуы барасында қиындықтар туғызып, тіпті, компанияның өз принціпінен шатысып қалуына апарады.

BMW және Mercedes-Benz алып компаниялары зауыттағы дәстүрлі жүйеден бас тартып, жаңа бизнес жүйемен жұмыс істеудің нәтижесін жариялады. Жылдам, ақпаратты анық беруші робот қызметі әлемдік мінберге шығып, бәсекеге қабілетті ұйымға айналудың бірден бір себебі екендігін жеткізді.

Robo Sapiens

 Үшінші толқын

Роботтың дамитыны соншалық, адамға жұмыс қалмайды. Білектегі күштің емес, білімнің кезеңіне аяқ басады. Жүргізушісіз көлік, ас әзірлеуші робот аспаз, үй жинаушы, зауыттарда жинап, құрастырушы, тапсырысты жеткізуші, қорғауші қызметтерін атқарады.

Бір қызығы, робот өз қызметін дұрыс орындамаған жағдайда, оның орнын өзгертпейді, жұмыстан шығармайды. Іс шиеленіскен жағдайда тұтынумен ара қатынасты жақсартып, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында адам клиентпен сөйлеседі, келісімге келеді. Ал робот өз тарих-жадысына жағдайды жазып алып, өз жұмысын істейді. Көз алдымызға оғаш көрінетін бұл көрініс адам+машина заманын бейленеп, роботтың адаммен қатар өмір сүретін кезеңі болатынын еріксіз мойындаймыз. Сондықтан үшінші толқын заманы бизнес-трансформация деп аталатын болады.

Ең әуелі, бірінші толқын дәуірін американдық өнеркәсіп иесі Генри Форд ашты. Ол өз өнеркәсібінде алғашқы көлік құрылғалыран жасап, еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік берді.

Екінші бизнес транформация кезеңі автоматизация болды. Бұл уақыт 1970 жылы басталып, ақпараттық технология, автоматтандырылған бэк-офистегі жұмыс, кеңейтілген дерекқор мен жеке компьютердің дамуына байланысты  1990 жылы шыңына жетті. Walmart секілді бөлшек саудагерлер екінші толқында мүмкіндік пайдаланып, әлемдік көшбасшы компанияға айналды. Сондай-ақ, UPS курьерлік қызметтен жаһандық алып ұйым дәрежесіне жете білді.

Ал үшінші толқын алдыңғы екеуінің арқасында бейімделген бизнес процеспен байланысып, жасанды интелект кезеңіне қадам басты. Жылдамдық пен сапа рөл ойнайтын заманда технологияның соңғы үлгісін қолданып үлгерген іскер адам табысты, танымал, әлем мойындайтын тұлға саналды.

Мінекей, ақпарат көздерінше робот жайлы жаға ұстарлық жаңалықтарды да жазуды. Бірі, адам робот қызға үйленеді десе, енді бірі тағы бір ғасырдан соң, робот пен адам соғысы болмақ деген болжам келтіреді. Адам ұшып жүреді, бір орыннан екінші орынға бірнеше секундта жететін заман көрінісі кино фильмдерде көрсетілуде. Қандай заман болмасын, “көппен көрген ұлы той” демекші, өз кезеңінде келесі ұрпақ көзімен көретіні анық. Ал бүгінгі халық роботтың мүмкіндіктерін пайдаға асырып, ісінің жылдам, сапалы болуын қамтамасыз етіп, жаң ғасыр ағымынан қалмаудың жолын жасағы абзал. Әйтпесе, адам жұмысы қысқартылған дәуірде, біліммен, ізденпаздықпен, біліктілігіңмен өмір сүре аласың.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *