АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық көрсеткішке жетті-$22 трлн

Алматы. 13 ақпан. biznesbastau.kz– АҚШ-тың мемлекеттік қарызы ел президенті Дональд Трамп тұсында 22 трлн доллардан асып түсті, – деп хабарлайды Kursiv.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ Қаржы министрлігінің айтуынша, елдің мемлекеттік қарызы 22 трлн доллардан асып түсіп, 2019 жылдың ақпанынан бастап бұл көрсеткіш 90 млрд доллардан асқан.

Сонымен қатар, соңғы 11 айда мемлекеттік қарыз 1 триллион доллардан астам өсті.

2018 қаржы жылында АҚШ-тың бюджет тапшылығы 17%-ға өсіп, 779 млрд долларға жетті. 2020 жылға қарай ол триллион доллардан асты.

Айта кететін жайт, үкіметтің шығыстары бақыланбайтындықтан мемлекеттік борыш өсуді жеделдету үрдісін сақтап қалады деп болжанып отыр.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *