88 жастағы Уоррен Баффет неге зейнеткерлікке шығуға асықпайды

Уоррен Баффет әлемдегі ең ірі қалталы азаматтың алғашқы үштігіне кіреді. Жасы келсе де елдің талқысынан, жеке тұлғасына деген қызығушылықтан арылмаған Уорреннің құпиясы неде? Олай болса атақты миллиадердің ұйқысынан тұра сала неге жұмыс орнына асығатынын бірге анықтайық.

Номер бірінші басылым Forbes мұқабасына 82,5 миллиард АҚШ долларымен шыққан инфестор Уоррен Баффет «Financial Times» ақпараттық орталығына неге зейнеткерлікке шықпайтыны жайлы сұхбат берді. Миллиадер атамыздың жауабы ел ойлағаннан қарапайым болып шықты. Оның айтуынша, 11 жасынан бастап айналысқан инвестірлік жұмысы өте қатты ұнайды.

«Мен 88 жасымда төсектен өмірге құлшыныспен оянып, күні бойы көңілді жүріп, неге  белсенді жұмыс істейді деп ойлайсыздар? Өйткені мен өз ісімді және ондағы адамдарды жақсы көремін. Одан ләззат аламын. Менің офисімде 25 қызметкер бар. Біз бәріміз бірге бейсболға барамыз. Олар менің өмірімді одан да жақсы өтуіне көмектерін аямайды. Мен де оларға өз білген-түйгенімді үйретіп, өмірлік тәжірибеммен бөлісемін”,-деді Баффет.

Қазіргі таңда ардагер миллиардер Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры, президенті әрі инвестор төрағасы қызметтерін қатар алып жүр.

Журналистерге мұндай қызықты ақпаратты алу Уоррен Баффет компаниясының жылдық есебінде  мүмкін болған.

Financial Times тішісінің мәліметінше, Баффет ақырын жүреді, құлағында арнайы есту апараты бар, бір сағаттан артық бір орында отырмайды. Алайда, түр әлпетінен дені сау, қуатты екендігі байқалады екен. Ал көзінен жалын байқалады. Уоррен Баффеттің жігерлігінің сыры күніне үш рет McDonald’s тауық етімен тамақтанып, арасында Сoca-Cola суын ішетіндігін жасырмаған.

Ол соңғы демі біткенше жұмысын үзбей істеуге ниетті.

«Мен үшін әрбір күн демалыс тәрізді. Мен бір жерге барғым келсе, бара аламын және сол сәттен рақат аламын. Менің ойымша, осы жасқа келіп, рақат өмір сүріп, өмірді шынайы сүйетін мен ғана сияқтымын. Сондықтан мені өлім алаңдатпайды», -деді өз сұқбатында Баффет.


Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *