80 көліктен құралған «Рамазан керуені» жолға шықты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Нұр-Сұлтанда «Рамазан керуені» жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттігі.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастау алған «Рамазан керуеніне» жалпы саны 80-нен астам көлік қатысып, алдын ала түзілген тізім бойынша елордадағы 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

«Рамазан керуенінің» алғашқы көлігі Балаларды оңалту орталығының жатақханасына соқты. Еріктілер ұйымы мен қайырымдылық топтарының басын қосқан шара алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылады.

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *