Тараздағы өрттен 171 адам құтқарылды

Алматы. 31 мамыр.biznesbastau.kz —Таразда 30 мамыр күні кешке 5 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz. «Өрттің пәтерлерге таралмауына бар күш салынды. Құтқарушылар 171 тұрғынды сыртқа шығарды. Жүргізілген шұғыл шаралардың арқасында 1200 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген өрт 21-00-ге қарай сөндірілді»,– делінген хабарламада.  Өртті сөндіруге жеке құрамның 62 адамы жұмылдырылыпты және 17 бірлік техника тартылған.

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    62

Brent пен WTI бағасы төмендеді

Алматы. 31 мамыр.biznesbastau.kz — Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың шілдесіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 31 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 8:18-дегі бағасы 0,88 долларға (1,32%) төмендеп, баррелі 65,99 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.    30 мамыр күні оның бағасы 2,58 (3,71%) долларға төмендеген болатын, сауданың жабылар тұсында баррелі 66,87 долларды құрады.  Лондон және Нью-Йорк биржаларында шілдедегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    41

Ұлттық экономика министрі қызметінен кетпек

Алматы. 30 мамыр. biznesbastau.kz- Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің қарамағындағы – кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот шешімі күшіне енгеннен кейін отставкаға өтініш береді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.  «Сот шешімі күшіне енгеннен кейін, отставкаға өтініш беремін», – деді ұлттық экономика министрі журналистерге сенат сыртында болған әңгімеде.   «Бұл – дұрыс тәжірибе. Бірінші басшының отставкаға беруі…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    52

Қарағандыда көпбалалы аналар тегін оқытылады

Алматы. 30 мамыр. biznesbastau.kz- Қарағанды қаласының үш оқу орталығы көпбалалы аналар мен жұмыссыздарды тегін оқытатын болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мен «Моторгсервис», «Альтаир» және «Logic-soft» оқу орталықтары арасында меморандум түзілді.  Орталықтар тігінші, аспазшы мамандықтарына, сондай-ақ компьютерлік сауаттылыққа үйрететін болады. 

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    52

Теңгенің бағамы тағы түсті

Алматы. 30 мамыр. biznesbastau.kz- 30 мамырда доллардың орташа бағамы 381,68 теңге болды. 29 мамырдағы қорытындымен салыстырғанда (381,56) ұлттық валюта бағамы 0,01 теңгеге төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.       

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    47

Қызылорда 4 тауармен әлемнің бестігіне кірді

Алматы. 29 мамыр. biznesbastau.kz-Қызылорда қаласы тұз, күріш, балық және минералды заттарды араластыруға арналған өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын машина бойыша үздік экспорттаушы елдердің бестігіне кірді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың мәліметінше, соңғы бес жылда әртараптандырылған экспорт 3-тен 16 түрге дейін өскен. Өткен жылы экспортқа шығарылған ауыл шаруашылығы…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    56

Ұлттық валюта бағамы 1,26 теңгеге төмендеді

Алматы. 29 мамыр. biznesbastau.kz-29 мамырда доллардың орташа бағамы 381,56 теңге болды. 28 мамырдағы қорытындымен салыстырғанда (379,89) ұлттық валюта бағамы 1,26 теңгеге төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.     

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    95

Елімізде ай сайын 62 көлік ұрлануда

Алматы. 29 мамыр. biznesbastau.kz-Статистика комитетінің мәліметінше,елімізде ай сайын орташа есеппен 62 көлік ұрланады және 150-ге жуық көлікті ұрлау мақсатынсыз теуіп кетеді. Көлік ұрлығы саны бойынша Алматы бірінші орында тұр. Алматыда ай сайын орташа есеппен 21 көлік ұрланады. Бұл елдегі жалпы ұрлық санының 34%-ы. Екінші орында Қарағанды, үшінші орында Шымкент пен Түркістан облысы. Төртінші орында Қостанай…

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    116

Доллар бағамы күшейді

Алматы. 29 мамыр. biznesbastau.kz-29 мамырда доллардың орташа бағамы 381,69 теңге болды. 28 мамырдағы қорытындымен салыстырғанда (380,3) ұлттық валюта бағамы 0,4% (1,39 теңгеге) төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.    

ӘЗІРГЕ КОММЕНТ ЖОҚ    8