Ахметбек Нұрсила. Есті адам — мақсатты адам.

Өмірлік мақсаты жоқ адамның өмірі – күн санап өлу. // Если у человека нет цели, то жизнь его есть не что иное, как продолжительная смерть. П. Буаст

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылып өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

БІЗ ӨЗІМІЗДІ ЕСТІ АДАМ ДЕП ЕСЕПТЕЙ АЛАМЫЗ БА?

Арман мақсат бірден секіріп шығатын баспалдақ емес қой. Ол деген ұзақ та қиын жол! Үлкен биік!

Оған жету үшін: Әр күннің, әр аптаның, әр айдың және әр жылдың сол ұлы арманға, ұлы мақсатқа жеткізерлік бар кішкене арман-мақсаты болуға керек! Сол баспалдақтарға күнде-күнде шыға, сүрінсек те тоқтамай, құласақ та, жатып қалмай, қайта тұрып, алға жүрсек қана ӨМІРДЕГІ МАҚСАТЫМЫЗҒА қол жеткізе аламыз.

“МАҚСАТСЫЗ ӨТКІЗГЕН КҮНДЕР ӨЛГЕН КҮНДЕР, МАҚСАТСЫЗ ӨТКЕН ӨМІР ӨЛГЕН ӨМІР” деп есептеу керек секілді!

Данышпан АБАЙ бір минуттың бір кісінің өміріне ұқсас екеніне назар аудартады. Біз көбіне адам өмірін әрі кетсе бір күнмен, бір сағатпен салыстырамыз. Ал Абай оны БІР МИНУТТЫҚ мезетке сыйдырған. Не деген көрегендік, не деген тереңдік! Соған зер салып, зейін қойып оқыдық па!? Ойландық па?!

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Абай

Ахметбек Нұрсила. Есті адам — мақсатты адам.: 1 комментарий

  1. aimirzaeva 74 @mail.ru:

    Керемет

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *