1 айда табыс көзін қалай көбейтуге болады?

Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай 1 айда табыс көзін көбейтіп, адам өмірі түбегейлі өзгеріп кетеді дегенге сенбеуіңіз әбден мүмкін. Алайда, «мүмкін емес» демей жатып, мақаланы соңына дейін оқып, өміріңізде қолданып көріңіз. 100 пайыз өз нәтижесін береді. Себебі тәжірибеден өткізген Бизнес Бастау маманы өз өмірінен лайфхак кеңес ретінде сізге ұсынып отыр.

100 шақты адамның қызметтегі мансап өмірін тәжірибеден өткізе отырып, 1 айда өміріңізді түбегейлі жаңа бағытқа бұратын 3 ережені ұсынамыз.

1. Өміріңізге қымбат магнит мотивация жасаңыз.

Магнит мотивация – бұл адамның биікке ұмтылуының басты қағидасы, қажырлы күші. Кез келген қиындықты жеңіп шығуға және ішкі жалқаулық пен керағарлықты жеңудің құралы саналады. Тіпті, адамды сабырға шақыратын дәрі іспеттес. Ал оны құру үшін «бақыт картинасын» сызып, бос ұяшықтардың ішін толтыру керек. Мақаланы оқи отырып, қолыңызға ақ қағаз бен қалам алып, төменде көрсетілгендей екі сызба сызыңыз:

Оң жақ бөлігін 10 жылдан кейін сіздің өміріңізде қандай бақытты сәттер орын алатындығын қиялдап қана қоймай, парақшаға толтырып, жазыңыз:


Ал сол жақ бөлігін 5 жылдан кейін сіз кім және қайда, қандай бақыттың аясында өмір сүретініңізді жазыңыз. Армандауға шек қоймаңыз. Сондай-ақ, жаза отырып, мақсаттарыңыздың орындалатынына сеніңіз, бақытты сезініңіз:

Екі сызба бөлігіне сіздің өміріңізге қажетті қаражатты жазыңыз:



Бұл таблица сіздің бақытты болуыңызға мүмкіндік беретін мотивацияның бірінші қадамы саналады. Шынайы сандарды санау барысында миға үлкен сигнал беріледі. Ал сіз алдағы уақытта дәл сол көлемді ақшаны таппасаңыз, онда болашағыңыз мұңға толмақ. Сондықтан сіз мақсат етіп қойған қаражатты, сандарды ұйықтайтын бөлмеңіздің қабырғасына іліп, әмияныңыздың ішіне жазып, аффирмация (яғни «мен 1 миллион ақша табамын», «мен бақыттымын» т.б) айтып, алғашқы әрекетке көшіңіз. Бір аптада нәтижеге қол жеткізе бастайсыз. Өйткені тапқан табысыңызға көңіліңіз толмай, одан да көп қаражат табасыз.

Яғни табыс табудың екінші қадамы ол мамандықты дұрыс таңдаудан басталады.

2. Жақсы мамандықты таңдаңыз

Нарық сұранысында өзіңе ұнайтын, сүйіп істейтін, тіпті, жұмысыңыз қиын болса да одан ләззат алатын мамандық табу қиынның қиыны. Осы тұста халық арасында «адам өмірде жар таңдау мен мамандық таңдаудан жаңылыспау керек» деген сөздің жаны бар екендігін еріксіз мойындайсыз.

Олай болса, мамандықты оңай таңдаудың тәсілін ұсынатын боламыз. Ол үшін үш бағанға бөлінген сызба сызыңыз:

Бірінші бағытты қолыңыздан келетін іс-әрекетті, қабілетіңіздің неге жететіндігін және мамандығыңызды жазыңыз:

Екінші бағанға жан-жағыңыздағы достарыңыз бен жақындарыңыздың кеңесін ескере жазыңыз:

Ал үшінші бағанға ата-анаңыз бен отбасыңыздағы жандардың айналысатын кәсібін түсіріңіз:

Жоғарыда айтылған тапсырманы шындап, кірісіп жасасаңыз сіздің таңдауыңызда 50-ден аса мамандықтар болады. Енді, қарапайым 3 сұрақ арқылы сансыз мамандықтың ішінен сіздің қолыңыздан келетінін және ең жақын түрін таңдайсыз:

I. Аталмыш мамандықтар ішінен қай сала 10 жылдан кейін де нарық сұранысында жоғары бағаланады?

Кейбір мамандық уақыт өте келе жарамсызға айналады. Яғни жаһандану мен заманауи технологиялардың дамуына байланысты сұраныс төмендейді. Мәселен, алдағы 10 жылда көлік жүргізушісіз жүретін болады. Демек, қоғамда таксистер мен көлік жүргізуші мамандықтары шеттетіледі деген сөз. Мамандық таңдау барысында соңғы ғылыми жаңалықтарды да ескеріп, таңдаған жөн.

II. Жұмыс істеп жүрген мамандығыңыздан қанша табыс табасыз? Сол табыс көрсеткішіңіз 5 немесе 10 жылдан кейін жоғарылайды ма әлде қалыпты орнында қалады ма?

hh.kz сайтына кіріп, өз мамандығыңыз бен 5 жылдық тәжірибеңізді жазып, бағасын байқаңыз. Егер сіз тауып жатқан 100 мыңнан аспаса, онда бұл мамандық жоғары бағада емес деген сөз. Демек, соңғы 10 жылда да қалтаңыз қалыңдамайтыны бесенеден белгілі. Мұндай мамандыққа уақыт пен энергия жұмсап керек емес. Тізімнен бірден сызып тастаңыз.

III.Қандай қызмет орнында атқарылған жұмыс нәтижесіне үстеме ақша төлейді?

Жұмыс орнында жақсы еңбекақы төленсе, онда бақытты өмір сүруге жетерлік табыс таба аласыз. Қай компания сіздің мамандығыңызға жоғары бағадағы ақша төлейтінін анықтау үшін hh.kz сайтына кіріп, 1 жылдық жұмыс тәжірибесін жазыңыз. Егер еңбекақы бағасы 300 000-нан жоғары болса, демек, маман иесі аз әрі сұранысы жоғары мамандық болғаны. Ойланбастан осы мамандықты таңдай берсеңіз болады.

Қалған мамандықты көз алдыңызға елестетіп, сол орынға өзіңізді қойып, қиялдап, қолыңыздан келетініне сенімді болыңыз. Мүмкін болмаса, тізімнен сыза салыңыз.

3. Өз еңбекақыңызды өзіңіз көтеріңіз

Өз жұмысыңызды жақсы көре тұра, тапқан табысыңызға көңіліңіз толмайтын сәттер болады. Бірден зерттеу жұмысына және өз өзіңізді дамытуға кірісіңіз. Алдымен интернет арқылы барлық компанияларға қандай қызметкер керек екендігін анықтаңыз. Қажетті қызметкердің бойындағы қабілет сізде болмаса, ақылы курстан білім алып, жылдам біліктілігіңізді жетілдіріңіз. Өзге компания сізді жұмысқа өздері шақыратындай дәрежеге жету қажет.

4. Жақсы табыс табудың тағы бір төте жолы бастығыңызбен жеке кездесіп, жұмыс талқысы мен өз ойыңызды ашық айту. Жеке кездесуде сенімді ұстап, бастығыңызды сендіре сөйлеңіз. Ол үшін төмендегі сатылы шарттарды орындаған абзал:

— Сіз жұмыс істейтін компанияның функционалын жақсы көресіз;

— Сіз компанияға максималды түрде кіріс кіргізіп, дамуына үлес қосқыңыз келеді;

— Бірақ, соңғы кезде сізді жеке материалдық жағдай бас қатырып, еңбекақы мәселесі толғандырады;

— Сондықтан сіз еңбекақыңыздың жоғарылауы үшін компанияда қосымша қызмет істеуіңізді сұрайсыз.

Кез келген басшы сіздің қызметіңіз бен өзіңізді жоғары бағалап, сізден айырылмас үшін үстеме ақы берсе, қызметте орныңыз да, абыройыңыз да, сеніміңіз де болғаны. Ал сіздің ұсынысыңыздан үзілді-кесілді бас тартса, сізді бағаламайды, өз тарапыңыздан кінәрат бар.

Егер басшыңыз еңбекақыңызды жоғарылату үшін тапсырма берсе, онда сіз қалаған миссия орындалды деген іс.

Жалпы, бақыт ұғымында алғашқы орында адам өмірі мен денсаулық кіреді. Алайда, бүгінгі заманда адам табысы мен жұмысы да бақыт үшін үлкен рөл ойнайтын дүние. Сондықтан бақытты болуға қадам жасаңыз. 1 айда табыс көзін үлкейтудің қадамдары жоғарыда айтылды. Сізден талап өміріңізде қолданып, нақты жетістікке жету болып саналады. Ал дәл қазір бірінші қадамға кіріссеңіз, онда, біздің мақсат орындалуда. Бастамаңыз бен қомақты табыс табуға сәттілік тілейміз!

Коммент қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *